26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Жанубий Қозоғистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 700-50-55
+ 7(747) 700-50-55
Газета тарихи

«Жанубий Қозоғистон» газеті

 

Тәуелсіздікпен құрдас басылым

Бастауын 1991 жылы 5 сәуірде облыс әкімдігінің органы ретінде жарыққа шыққан «Дўстлик байроғи» («Достық туы») газетінен алатын мерзімді басылым осынау жылдар барысында халқымен бірге талай кезеңдерді бастан өткерді. Заман ағымына орай атауы өзгерген өзбек оқырмандарының қасиетті басылымы -- «Жанубий Қозоғистон» газеті бүгінде Елбасының сара саясатын елге кеңінен түсіндіріп, халық пен билік арасын байланыстыратын алтын көпірге айналған.

Негізінде, газеттің тарихы 1989 жылдан басталған. Өзбек зиялыларынан құралған делегация сол кезде СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысына хатпен шығып, тіпті, Мәскеуге де барып келген. Бастама Мәскеу тарапынан қолдау тауып, алғашқы нөміріміз «Дўстлик байроғи» деген атпен шықты. Алғашқы кезденақ таралымы 2-3 мыңға жеткен газет келе-келе көп ұлтты Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігіне бағытталған саяси мәні зор газетке айналды. Бастапқыда редакцияға оңтүстік қазақстандық өзбек журналистикасының негізін қалаушылардың бірі, ақын әрі аудармашы Сабыржан Юсуфалиев жетекшілік етті.

«Дўстлик байроғи» 1998 жылы 1 қаңтарда атын өзгертіп, облыс әкімдігі құрылтайшы болып табылатын «Жанубий Қозоғистон» қоғамдық-саяси газеті болып шыға бастады. Облыс өңірінде өтіп жатқан ең басты оқиғалар газет беттерінде үзбей жарық көріп келеді. Басылымда ҚРдағы өзбек журналистикасының ең үздік таланттары мен фотокорреспонденттері жұмыс істеді. Облыстың өңірлерінде меншікті тілшілер қызмет етуде.

Өткен жиырма алты жылдық кезеңде «Жанубий Қозоғистонға» С.Юсуфалиев, Х.Қочқаров, А.Сарманов және Ф.Қаратаев.М.Абубакиров сынды азаматтар басшылық етті. Олардың қатарынан С.Юсуфалиев ҚР Парламентінің бірінші шақырылымдағы депутаты болып сайланған болса, редакцияға түрлі жылдарда екі рет басшылық жасаған Ф.Қаратаев бүгінгі таңда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде қызмет атқаруда. Бұл редакциямыздың мақтанышы.

Бүгінгі таңда ұжымға Сатвалдиев Алишер Гапиржанұлы басшылық жасап отыр. Орынбасарлары Ислам Абдинабиев, Мұрат Абубакиров. Осы кезеңде «Жанубий Қозоғистон» тәуелсіз Қазақстанмен қатар өсіп, мол тәжірибе жинақтады.

Облыс оқырмандарына етене таныс – «Жанубий Қозоғистон» газетінің оқырмандары 16 мыңға жуық. ­­Өңір халқының 500 мыңға жуығын құрайтын өзбек халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін, тілі мен құндылықтарын, өнерін насихаттап отырған шығармашылық ортаның қоғамда алатын орны да ерекше. Газеттің «Шаңырақ», «Адабиёт ва санъат», «Ҳидоят сари», «Қонун ва ҳаёт», «Кўнгил кўчалари», «Мактабдош», «Суҳбатдош», «Турмуш чорраҳаларида» атты арнайы беттері ай сайын, кезекпе-кезек жарық көріп, оқырмандар көңілін қуантады. Қазақстанның гүлденуіне, экономикасының өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып келе жетқан газетімізді бүгінде, даладағы диқаннан бастап, мемлекет қайраткеріне дейін оқиды.

Сонымен қатар «Жанубий Қозоғистон» жалауының астында облысқа, республикаға танымал қаншама дарындардың тусауы кесілді, мемлекет қайраткерлерін, көптеген ақын-жазушыларды тулетіп ұшырған. «Жанубий Қозоғистонның» төңірегінде «Чашма», «Исфижоб», «Чимкент», «Сайрам», «Карвон», «Шамчироқ» т.б. әдеби бірлестіктер қалыптасты. Белгілі ақын-жазушылар Эрназар Рузиметов, Хавазмат Қошқаров, Закиржан Моминжанов, Абдурахим Пратов, Соатой Камалова, Умриай Каримова, Ибрагим Хуккиев, Эркинай Султанова, Махида Юлдашева секілділер ел мақтанышына айналды.

Газет ақпарат құралы. Сонымен бірге тарих деп айтуға да әбден болады. Оны «Дўстлик байроғи» мен «Жанубий Қозоғистонның» сарғайған беттерін парақтағанда анық байқаймыз.

 

«Газет – халықтың көзі, тілі мен құлағы», деген ел ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың қағидасы өте тауып айтылған.

 

 



Видео
Элбоши мактуби
Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Жанубий Қозоғистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.