26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Қазақстандағы цифрлық телевидение – ауқымды мемлекеттік жоба

Таяу жылдары цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі Қазақстанның барлық аумағын жабады.

2006 жылы Женевада аналогты телехабар таратудан цифрлыққа көшу бойынша халықаралық конвенция қабылданған, Аймақтық радиобайланыс конференциясы өткенін естеріңізге сала кетейік. Келісімге 100 аса ел өкілдері қол қойды, оның ішінде Қазақстан да бар.

 Қазақстан Республикасының жаңа цифрлық технологияларға техннологиялық көшуі бойынша жобаны іске асыру міндеті, саладағы ұлттық оператор – «Қазтелерадио» АҚ тапсырылды. «Қазтелерадио» АҚ өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап барлық магистральді радиорелелік жолдарды, қуатты радиотелевизиялық орталықтарды салды. Біздің елімізде цифрлық хабар тарату кезең кезеңмен құрылады. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді және бекітілді, тест сынаулары және еуропалық ең келешегі бар DVB-T2 хабар тарату стандарты таңдалды. Оның енгізілуі радиожиіліктілік ресурсын неғұрлым тиімді пайдалануға, телевизиялық сигналдың сапасын арттыруға ықпал етеді. 

 Барлығы 827 радиотелевизиялық станцияларды салу және жаңғырту жоспарлануда. Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасында ең заманауи жабдықпен жабдықталған цифрлық эфирлік хабар тарату желісін басты басқару және мониторингтеу орталығы қазірдің өзінде жұмыс істеуде. Мұнда елдің барлық станцияларынан келіп түсетін ақпараттарды жиау және талдау нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады. Резервтегі орталық Астанада.

 Аналогты жерүсті желісі бойынша қазақстандықтардың жартысына төртке дейінгі отандық телеарналар қолжетімді. Көбірек ақпарат алу мақсатында, әсіресе ауылдық елді мекен тұрғындары үй шатырларында шетелдік жерсеріктік операторлар қызметіне қолжетімділігі бар жерсеріктік тарелкалар қойды. Енді, цифрлық технологияны енгізгенен кейін, тіпті республикалық қана емес аймақтық, ең шалғайдағы және қолжетімділігі қиын ауыл тұрғындарына да 15-ке дейінгі қазақстандық телеарналар қолжетімді болады. Сөйтіп, бұлардан басқа, елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл және қала тұрғындары арасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендету бойынша өте маңызды мәселе шешіледі. 

Цифрландырудың бірінші кезеңі – жерсеріктік цифрлық ТВ

Цифрлық технологияларға көшу бағдарламасының бірінші кезеңі 2011 ж. қаңтарында ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын таратуды пайдалануға беру болды. «OTAU TV»жерсеріктік хабар таратудың тікелей қызметіне біздің еліміздің кез-келген нүктесінен қосылуға болады. DVB-S2 стандартында хабар тарататын «OTAU TV» жерсеріктік телевидениесі жоғары сападағы бейне мен дыбыс алуға, сондай-ақ ажыратылымдығы жоғары HD-форматтағы бірнеше телебағдарламаны көруге мүмкіндік береді. 

 Бір мезгілде жерсеріктік желісі цифрлық эфирлік таратқыштарға сигнал жеткізу үшін көлік құралы болды.

 Бастапқыда Қазақстанда жерсеріктік телевидение 2002 жылы «Кателко+» тауар белгісімен іске қосылған. 2011 жылы қаңтарда жерсеріктік желі DVB-S2, MPEG-4 жаңа цифрлық стандартына «OTAU TV» жаңа брендімен өтті. Өтпелі кезде «Кателко+» абоненттерінің саны 6300 құрады, сол кезден бері бұл көрсеткіш қарқынды өсті. Қазір OTAU TV абоненттерінің саны шамамен 1,3 млн. көрерменнен асты.

 «OTAU TV»-дың базалық топтамасына 60-тан аса отандық теле- және радиоарналар кіреді және ақысыз ұсынылады (абоненттік төлемсіз).

 Цифрлық эфирлік ТВ

2012 жылдың шілдесінде, Индустрияландыру күніне арналған, телекөпір аясында Астана медиа-орталығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен телехабар таратудың цифрлық эфирлік (жерүсті) желісін іске қосу рәсімі өтті. Президент цифрлық хабар таратуды енгізу үдемелі индустрияландырудың тармақтарының бірі деп атады. Жерүсті отандық телеарналарды цифрлық сапада тегін көру мүмкіндігін бірінші болып Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған және Жаңаөзен мен оларға жақын орналасқан қала маңы тұрғындары алды. Қазіргі кезде 356 радиотелевизиялық станциялар пайдалануға енгізілді. Облыс орталықтарында және астана, Алматы ққ. стандартты анықтықтағы 30-ға дейінгі телеарналарды, басқа РТС-тардан – 15-ке дейінгі телеарналарды тегін хабар тарату қарастырылған. Ағымдағы жылы 292 станциядан, цифрлық жерүсті хабар таратумен 80% аса халықты қамту жетістігімен цифрлық эфирлік хабар таратуды ұйымдастыру жоспарлануда. 

2020 жылы, соңғы кезеңде цифрлық хабар тарату республика халқының 95% қамтиды. Дәстүрлі аналогты телевидение жаңа стандарттағы хабар таратумен қатар жұмыс істейді.

  ҚР «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңына сай 2018 жылдан аналогты хабар таратуды ажырата отырып цифрлық хабар таратуға кезең кезеңмен көшу және 2021 жылы толықтай ажырату жоспарлануда.

 Қазіргі кезде Цифрлық эфирлік хабар таратуға көшу қағидалары әзірленген. Ажырату және ЦЭХТ-ға толықтай көшуді 2018 жылдан бастау, оның ішінде мынадай облыстар бойынша бірінші кезеңі жоспарлануда:

 - 2018 жылдың қазанында – Маңғыстау облысы;

- 2018 жылдың желтоқсанында – Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары;

Цифрлық эфирлік телевидениені көру мүмкіндіктерін алу үшін, теледидарға қосылатын эфирлік сигнал қабылдағышын (ресивер) және сыртқы немесе дециметрлік бөлме антеннасын сатып алу қажет. Тұрғындарға басқа қосымша жабдықтар орнату талап етілмейді.

Жамбыл облысында цифрлық жерүсті хабар таратуды енгізу мен дамыту бойынша жобаны іске асыру толықтай аяқталды. Аналогты желі бойынша Тараз қ. 10 телеарна, облыс орталығынан төменгіде 4 –ке дейінгі арна таратылады. Цифрлық жерүсті желісі бойынша 43 цифрлы таратқыштар қосылып 42 станция салынды және жаңғыртылды. 1 млн.-нан аса адам санымен 380-нен аса елді мекен қамтылып, шамамен халықтың 99% цифрлық эфирлік хабар таартумен қамтылған. Цифрлық хабар таратуды енгізе отырып қамту аймағының шегіндегі ауылдық елді мекендер тұрғындары, тұрғындар үшін ақпаратқа қолжетімділікті едәуір кеңейтуге мүмкіндік беретін, 15-ке дейінгі телеарналар бағдарламаларын кепілді көре алады. 

Жамбыл облысында DVB-T2 қабылдағыштарын орташа құны 3500-ден 5000 тг.-ге дейін сату нүктелері ұйымдастырылған.

 Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 79 станция салынды және жаңғыртылды. 2.4 млн.-нан аса адам санымен 860 елді мекен қамтылған, шамамен халықтың 98% цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтылған. Аналогты желі бойынша Шымкент қ. 10 телеарна, облыс орталығынан төменгіде 4 –ке дейінгі арна таратылады. Цифрлық хабар таратуды енгізе отырып қамту аймағының шегіндегі ауылдық елді мекендер тұрғындары, тұрғындар үшін ақпаратқа қолжетімділікті едәуір кеңейтуге мүмкіндік беретін, 15-ке дейінгі телеарналар бағдарламаларын кепілді көре алады. 

 Облыста DVB-T2 қабылдағыштарын орташа құны 3000-ден 5000 тг.-ге дейін сату нүктелері ұйымдастырылған.

«OTAU TV» спутниктік теледидар көрермендері үшін жаңа «OTAU+» топтамасын ұсынады

 «Қазтелерадио» АҚ ұлттық операторы спутниктік теледидар желісінде шетелдік телеарналарды сапалы түрде қоса отырып «OTAU +» жаңа топтамасын іске қосты.

Енді 66 тегін отандық теле- және радио арналардан басқа, көрермендер 14 шетелдік түрлі жанрдағы телеарналарға қол жеткізе алады. Топтаманың құны айына 500 теңгені құрайды.

«OTAU TV+» топтамасы келесі қосымша арналарды қосады. Олар: «РТР Планета», «Рен ТВ интер», «Домашний», «СТС», «Мама», «Мульт», «Cartoon Network», «Amedia-2», «Дом кино», «Cinema», «Bollywood», «Здоровое ТВ», «Россия 24» және «Музыка первого».

Естеріңізге сала кетсек «OTAU TV» спутниктік телевизиясының «Тегін» топтамасында 66 отандық теле- және радио арналар (абоненттік ақысыз) SD және HD форматтарында көрсетіледі.

Ақылы топтамаға қолжетімділік алу үшін қосымша жабдықтарды орнатудың қажеті жоқ.

«Қазтелерадио» АҚ спутниктік хабар тарату желісі Қазақстан аумағының 100% қамтылуын қамтамасыз етеді, онда кез-келген елді мекеннің кез-келген тұрғыны тікелей спутниктік қабылдау қызметтерін ала алады. «ТВ-Commerce» ЖШС-мен жасалған келісім-шарт аясында «Казтелерадио» АҚ инфрақұрылымын пайдаланып шетел телеарналарын көтеру арқылы, базалық топтамадағы 66 арнаны тегін және 76 арнаның «Премиум» топтамасында ақылы түрде көрермендерге тамашалауға ұсынуға мүмкіндік жасады.

Ақпарат және коммуникациялар Министрлігінің Баспасөз қызметі., 2018-06-23, 21:54 1453
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.