26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Жанубий Қозоғистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 700-50-55
+ 7(747) 700-50-55
Бизнесті жауапты жүргізудің сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық байланыс орталығы туралы ақпарат

2017 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Эко­­­­­­­­­­­­номикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) Инвестициялық комитетінің қауымдастырылған мүшесі болды және ЭЫДҰ көпұлтты кәсіпорындары туралы декларациясына 48-ші ел болып қосылды.

ЭЫДҰ Инвестициялық Комитетіне қосылуы аясында Қазақстан Үкіметі өз алдына бірқатар міндеттемелерді алды, соның ішінде ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған басқару қағи­даттарына (бұдан әрі – Басқару қағи­дат­тары) сәйкес бизнесті жауапты жүргі­зу­­дің қағидаттарын тарату бойынша Ұлт­­­тық байланыс орталығын құру (бұдан әрі – ҰБО).

Инвестициялардың арқасында ком­­па­ния / инвесторлар (бұдан әрі – кәсіп­­орындар) елдегі экономикаға өндірістік капитал, басқару және технологиялық ноу-хау, жұмыс орындарын құру және салық түсімдері түрінде елеулі пайда әкеледі.

Сонымен қатар, мұндай компа­ния­лардың / инвесторлардың қызметіне бай­ланысты қоғамдық мәселелер туын­дайды және бұл мәселелердің әлеу­мет­тік, экономикалық және экологиялық са­­лаларда халық пен қоғам үшін жағымсыз салдары бар.

Басқару қағидаттары елдегі және ха­лықаралық құқыққа сәйкес бизнесті жа­­­­уапты жүргізудің ерікті принциптері мен стандарттары бойынша ұсыныстар ұсыну арқылы осы мәселелерді шешуге көмектеседі.

Басқару қағидаттары көп жақты негіз­де бекітілген жан-жақты қамтылған тәр­тіптік кодекс болып табылады. Атап айт­қанда, кәсіпорындар жұмыс істейтін қоғамдарда (оның ішінде ЭЫДҰ-дан тыс) әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салдарға байланысты әлеу­меттік мәселелер қарастырылады жә­не жауапты бизнесті насихаттау үшін бизнестің маңызды құрылымын қам­­­тамасыз етеді.

Басқару қағидаттарына үкіметтер та­рапынан қолдау көрсетілуіне қара­­­мастан, Басқару қағидаттары ерікті болып та­былады және ұлттық заңдарға үстемдік етпейді. Басқару қағидаттары көпұлтты кәсіпорындар мен отандық кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынастардағы айыр­­­­­­машылықтарды енгізуге арналмаған – олар кез келген жерде жұмыс істейтін бар­лық кәсіпорындар үшін үздік тәж­­­рибені көрсетеді.

Басқару қағидаттары ЭЫДҰ-ның Ха­­­­­­­­лықаралық инвестициялар жә­не көп­­­­­ұлтты кәсіпорындар туралы Дек­­­­ла­рациясының ажырамас бөлігі болып табылады.

Басқару қағидаттарын тарату шеңбе­­­рінде ҰБО құрылады.

Ұлттық байланыс орталығы - бұл Бас­қару қағидаттары бойынша жауапты биз­нес жүргізу қағидаларын бұзатын кəсіп­орындардың іс-əрекеттеріне неме­­­­­­­се əрекетсіздіктеріне қатысты жұрт­­­­­шы­­лықтың / қоғамның шағымдарын қа­рау­­­­­дың ерікті, санкциясыз механизмі.

ҰБО проблемаларды талқылау және өзара келісімге қол жеткізу жолдары мен келісімдерді қалыптастыру үшін тараптар арасында сындарлы диалог алаңын ұйымдастырады.

Кəсіпорын қызметі немесе әрекеті Басқару қағидаттарына сəйкес емес деп санайтын кез-келген адам, ұйым немесе қауымдастық (мүдделі тараптар) тиісті елдің тиісті ҰБО-ына нақты істі қарауға ресми өтініш беруі мүмкін.

ЭЫДҰ алдындағы міндеттемелерді орындау шеңберінде Қазақстан Рес­­­­публикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасының ҰБО-сы (2018 жылғы 31 мамырдағы № 306 қаулысы) тағайындалды, бұған дейін осы қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті жүзеге асырды.

Бұдан басқа, ҰБО-ның шағымдары мен өтініштерін қарау кезінде ҰБО-ның алқалы көмекші органы ретінде ҰБО-ның жұмыс тобы құрылды (ИДМ-нің 2017 жылғы 12 қазандағы № 696 бұйрығы).

Жұмыс тобының құрамына Инвес­тициялар және даму министрліктерінің, халық шаруашылығының, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, энергетика, білім және ғылым, ішкі істер, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, Ұлттық кәсіп­керлер палатасы Атамекен, үкіметтік емес ұйымдар және кәсіподақтар өкіл­дері кірді.

Жұмыс тобы жиналыстары қажеттілігі бойынша ұйымдастырылады.

ҰБО-ның қызмет аясы

ҰБО-ның жұмысы Басқару қағидат­тарының тиімділігін арттыруға бағыттал­ғанын ескере отырып, ҰБО-ның қызмет аясы осы құжатта қамтылған барлық салалар болып табылады. Басқару қағи­­­­­­­­­­даттарында анықталған негізгі мәсе­лелер:

- ақпаратты ашу;

- адам құқықтары;

- еңбек және өндірістік қатынастар;

- парақорлықпен және бопсалау­­­шылықпен күрес;

- қоршаған ортаны қорғау;

- тұтынушылардың мүдделері;

- ғылым мен техника;

- бәсеке;

- салық салу.

ҰБО-ның басты міндеттері

1. ҰБО мүдделі тараптармен ын­ты­мақтастық арқылы Басқару қағи­­­дат­тарын оларды жүзеге асыру тəсілдері туралы ақпараттылықты арттыру керек. ҰБО Басқару қағидаттарының барлық мүдделі тараптар үшін қол жетімділігін қамтамасыз етуі керек және қажет болған жағдайда түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

2. ҰБО Басқару қағидаттарын қолдану кезінде туындайтын сұрақтарды мүдделі тараптарға (мемлекеттік органдар, іскер­лік қоғамдар, кәсіподақ мемлекеттік емес ұйым және т.б.) көмектесу және пікір­сайыс алаңын ұсыну арқылы шешуге қатысады. Мәселелерді қарау барысында ҰБО Бас­қару қағидаттарында ұсынылған бас­ты ашықтық, қол жетімділік, айқындық және есеп берушулік критерияларына сәйкес әрекет етеді. ҰБО функциясы сот органдарының функцияларымен бір­­­­­­­дей емес екенін атап өту керек, ол Бас­­­­­­­­­­қару қағидаттарын бұзған компания мен зардап шеккен тараптар арасындағы дел­дал ретінде әрекет етеді.

3. ҰБО жыл сайын ҰБО-ның қызметінің сипаты және орталықтың жұмысының нәтижелері туралы ақпарат, соның ішін­де, нақты жағдайларда Басқару қағи­­­даттарын қолдану  жөнінде есеп береді.

ҰБО-ның Басқару қағидаттарын бұзу жағдайында шағымдарды қарастыруы

Басқару қағидаттарын қолдануға бай­­ла­­­­­­нысты сұрақтар туындаған кез­де, ҰБО мынадай әрекет етудің алго­ритмін орындайды:

1. Шағым берген тарап ҰБО-ға барлық қажетті растаушы құжаттарды қоса беріп шағым жібереді;

2. ҰБО шағымды қабылдайды жә­не шағым ҰБО құзыретіне сәйкес келе­тіндігін тексереді. Егер келіп түсетін  мә­селе ҰБО құзыретіне жатса, шағымды мұқият тексеру жұмысы басталады. Қажет болған жағдайда, ҰБО шағым берген тараптан қосымша ақпарат пен / немесе құжаттарды сұратады;

3. ҰБО шағымды жауапты тарапқа жібереді;

4. ҰБО тараптардың әрқайсысына консультациялық көмек көрсетеді;

5. ҰБО ұйымдасқан отырыстарда делдал болып табылады, келіссөз ала­ңын ұсынады;

6. ҰБО Процедураларды аяқтағаннан кейін және тараптарға консультациялық көмек көрсеткеннен кейін, құпияланған коммерциялық және басқа да ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып, нәти­­­желерді ашық қолжетімділікте орна­­­­ластырады.

 

Бизнесті жауапты жүргізудің сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық байланыс орталығы туралы толық ақпарат http://mid.gov.kz/kk/pages/biznesti-zhauapty-zhurgizu-boyynsha-ulttyk-baylanys-ortalygy (қазақ тілінде), http://mid.gov.kz/ru/pages/nacionalnyy-kontaktnyy-centr-po-otvetstvennomu-vedeniyu-biznesa (орыс тілінде).

, 2018-10-18, 12:54
Комментарии для сайта Cackle
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Элбоши мактуби
Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Жанубий Қозоғистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.