26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Жанубий Қозоғистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 700-50-55
+ 7(747) 700-50-55
Кандидат А. Таспиховтың Түркістан облысы бойынша қоғамдық штабының өкілдері Сарыағаш ауданы сайлаушылармен кездестi

"Сарыағаш сыйы" ЖШС еңбек ұжымымен  кездесуі:

2019 жылғы 25 мамыр күні сайлауалды шараларды атқару үшін арнайы Сарыағаш ауданына барған А.Таспиховтың  Түркістан облысы бойынша аймақтық штабының өкілдері  егістік алқабында да болды. "Сарыағаш сыйы" ЖШС еңбек ұжымымен  кездескен жиында  40 адам бас қосты. 

2002 жылы құрылған серіктестіктің осы уақыт аралығында атқарған жұмысының айғағы — жайқалған жасыл желек. Серіктестік осыдан 10 жыл бұрын жүзім мен түрлі жеміс ағаштарының көшеттерін сату арқылы бүгінде ауылшаруашалық өнімдері нарығынан ойып тұрып орын алған. Өңірдің агро саласына сүбелі үлес қосып отырған еңбеккерлермен кездесуде штаб басшысы Берік Бекжанов жиналғандарды ең жоғары лауазымға үміткер іріктелетін сайлау күнінде белсенді болуға шақырды. 

Сондай-ақ А.Таспиховтың тұғырнамасын таныстырып, ондағы еңбек адамының мәртебесін көтеру бойынша ұсыныстарды ортаға салды.  Тұғырнамада көрсетілгендей, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда міндетті түрде заң аясында ұжымдық келісім-шарт жасалуы қажеттігі алға тартылған. Берік Айдарбекұлы осы орайда  еңбек кодексіндегі ұжымдық татуласу процедураларының шеңберін кеңейтіп, жұмысшылар талаптарын жеңіл жеткізуге мүмкіндік беретін жолдарды түсіндірді. 

Сондай-ақ  еңбек миграциясын реттеу бойынша үміткердің ой-пікірін ортаға салды. Жыл сайын Қазақстанға 50 мыңнан астам шетелдік білікті маман, 400 мыңнан астам біліктілігі төмен жұмыс күші таратылады екен. Үміткер А.Таспиховтың «ішкі миграция легінің басты себебі-жақсы өмір мен лайықты жұмыс іздеу. Біз қазақстандықтардың ауылдық елді-мекендерде де жайлы өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуына бірге қол жеткізуіміз керек» деген сөзін көпшілікке жеткізген штаб басшысы кандидаттың білім беру жүйесін еңбек нарығындағы сұранысқа сай ету және шетелдік мамандардың орнына өз азаматтарымызды даярлау бойынша ой-пікірлерінің маңыздылығына тоқталды. 

"Сарыағаш жер сыйы" ЖШС еңбек ұжымымен  кездесу:

Сайлауалды шараларды атқару үшін арнайы Сарыағаш ауданына барған А.Таспиховтың  Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша аймақтық штабының өкілдері  егістік алқабында да болды. "Сарыағаш жер сыйы" ЖШС еңбек ұжымымен  кездескен жиында  40 адам бас қосты.  2002 жылы құрылған серіктестіктің осы уақыт аралығында атқарған жұмысының айғағы — жайқалған жасыл желек. Серіктестік осыдан 10 жыл бұрын жүзім мен түрлі жеміс ағаштарының көшеттерін сату арқылы бүгінде ауылшаруашалық өнімдері нарығынан ойып тұрып орын алған. 

Өңірдің агро саласына сүбелі үлес қосып отырған еңбеккерлермен кездесуде штаб басшысы Берік Бекжанов жиналғандарды ең жоғары лауазымға үміткер іріктелетін сайлау күнінде белсенді болуға шақырды. Сондай-ақ А.Таспиховтың тұғырнамасын таныстырып, ондағы еңбек адамының мәртебесін көтеру бойынша ұсыныстарды ортаға салды. Тұғырнамада көрсетілгендей, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда міндетті түрде заң аясында ұжымдық келісім-шарт жасалуы қажеттігі алға тартылған.

Берік Айдарбекұлы осы орайда  еңбек кодексіндегі ұжымдық татуласу процедураларының шеңберін кеңейтіп, жұмысшылар талаптарын жеңіл жеткізуге мүмкіндік беретін жолдарды түсіндірді. Сондай-ақ  еңбек миграциясын реттеу бойынша үміткердің ой-пікірін ортаға салды. Жыл сайын Қазақстанға 50 мыңнан астам шетелдік білікті маман, 400 мыңнан астам біліктілігі төмен жұмыс күші таратылады екен. Үміткер А.Таспиховтың «ішкі миграция легінің басты себебі-жақсы өмір мен лайықты жұмыс іздеу. 

Біз қазақстандықтардың ауылдық елді-мекендерде де жайлы өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуына бірге қол жеткізуіміз керек» деген сөзін көпшілікке жеткізген штаб басшысы кандидаттың білім беру жүйесін еңбек нарығындағы сұранысқа сай ету және шетелдік мамандардың орнына өз азаматтарымызды даярлау бойынша ой-пікірлерінің маңыздылығына тоқталды. 

Сондай-ақ Берік Бекжанов кәсіподақ ұйымдарының болашақтағы мүмкіндіктерін екшеп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Басқосуда серіктестік басшысы Танабай Шынтасов арнайы сөз алып,  штаб өкілдері мен үміткердің сенімді өкілдеріне алғысын білдіріп, кәсіподақ ұйымдарының жұмысына сәттілік тіледі.

Кандидат А. Таспиховтың Шардара ауданы бойынша оғамдық штабының өкілдері Шардара ауданы сайлаушыларменде кездестi

2019 жылғы 26 мамыр күні А.Таспиховтың Шардара ауданы бойынша қоғамдық штаб өкілдері мұғалімдер мен спорт саласы қызметкерлерімен кездесті. 50 қатысушы бас қосқан жиында насихат  тобы ұстаздар мен спорт саңлақтарын үміткер А.Таспиховтың тұғырнамасымен таныстырды. Кандидаттың еңбек заңдылықтары бойынша  келелі жоспарлары еңбеккерлерді бір серпілтіп тастады. Жастар арасында сайлауалды бағдарламысы кең түрде талқыланып , парақшалар таратылды.

Шардара аудандық мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының төрайымы, штаб басшысы, үміткердің сенімді өкілі Бақыткүл Биманова баяндама жасап, А.Таспиховтың өмірбаяны мен ел игілігі үшін атқарған жұмыстарына  шолу жасады. Шардара аудандық білім қызметкерлерінің төрағасы, үміткердің сенімді өкілі Жұман Үлықбек сайлауалды тұғырнамасына талдау жасап,  кандидатты қолдауға шақырды. «Кәсіподақ – қоғамның қозғаушы күші» екендігін атап өтіп, еліміздегі ең қуатты ұйымның болашақтағы мүмкіндіктерін екшеді. Үміткердің сенімді өкілі көпшілікке бұл жиынның мәні мен мазмұнын түсіндіріп, елдің келешегін айқындайтын елеулі шарада белсенділік танытуға шақырды. 

Тұғырнамаға сүйенген Жұмын Ұлықбек «Кез келген еңбек адамы үшін оның еңбегіне лайықты ақы төленуі-негізгі шарт болып табылады» дей келе осы арқылы тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен қоғамдағы жалпы әлеуметтік тұрақтылық анықталатынын жеткізді.  Үміткер бағдарламасымен танысып шыққан шардаралықтар  насихат тобына түрлі сауалдар жолдап, тұшымды жауаптар алды.

, 2019-05-28, 13:55 65
Комментарии для сайта Cackle
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Элбоши мактуби
Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Жанубий Қозоғистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.