26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Оперативті анықтама

Түркістан облысы әкімдігі тарапынан Түркістан облыстық корпоративтік әлеуметтік даму қорының базасында «Түркістан» және «Шымкент» ӘКК, мемлекеттік қызметшілерді және Атамекен ҰКП қатыстыра отырып, эвакуациялық пункттерде орналасқан Арыс қаласының тұрғындарына азық-түлікпен көмек көрсету жөнінде Штаб құрылған.

Ауқымды қайырымдылық акциясы аясында Қазақстандағы барлық облыстық әкімдіктер, қоғамдық бірлестіктер, түрлі қауымдастықтар, қарапайым тұрғындар мен фермерлерден Қордың қоймаларына азық-түлік өнімдері, гигиеналық заттар, балалар тағамы, көрпе-төсек, жалпы көлемі 150 тонна зат жиналды.

Тауарлар Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларынан жеткізілді. Қайырымдылық көмекпен тұрмыстық қажеттегі бірінші заттар үлкен көлемде  әкелінуде. Соның нәтижесінде Штаб 75 эвакуациялық пунктен (тіркелгендер саны – 45845 адам, оның ішінде 4034 балалар, бұл пунктерде қазір 13187 адам тұрып жатыр) 33200 адамды қамтыған 44 өтінімді қабылдап үлгерді. Қалған пунктердегі қажеттіліктер жергілікті әкімдік, арнайы қызмет және тұрғындар тарапынан қамтамасыз етілуде.

Тапсырыстар бойынша 20 тонна азық-түлік, жүздеген атаумен тұрмыстық заттар, киім-кешек, химиялық және жеке гигиеналық және басқа да қажеттіліктер таратылды.

Әрбір эвакуациялық пункте жергілікті атқарушы орган, ӘКК, Атамекен, еріктілер мен көмектесуге келген қарапайым азаматтардан өкілдер жұмыс істеуде.

2019-06-27, 15:00 949
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.