26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Өмірзақ Шөкеев Арыстағы әрбір сектордың жұмысын жіті қадағалауда

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласындағы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатқан секторлардың жұмысымен танысты. Әрбір облысқа қарасты тұрғын үйлерді аралады. Өңір басшысы әуелі Жамбыл облысы штабына аялдап, жұмысшы топпен кездесті. Облыс әкімі жөндеу жұмыстары бойынша әрбір штаб онлайн жүйеде есеп беріп отыру қажеттігін айтты.

Кейін Жамбыл облысына қарасты 3-сектордағы жөндеуден өтіп жатқан жеке тұрғын үйлерді көрді. Тұрғындармен кездескен Өмірзақ Естайұлы барлық құрылыс-жөндеу жұмыстары 1 айда аяқталып, қала жаңа кейіпке енетінін жеткізді.

Айта кетерлігі, Арыс қаласының аумағы 17 секторға бөлінген. Оның ішінде, Жамбыл облысына 11 көшеде орналасқан 327 жеке тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары жүктелген. Бұден бөлек, 14 әлеуметтік және коммерциялық нысандар бар. Қазіргі таңда жамбылдық құрылысшылар мен еріктілер өз аумағындағы үйлердіқалпына келтіру жұмысына белсене кіріскен. Соның нәтижесінде 5 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып отыр.Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша жамбылдық 16 құрылыс компаниясының 180 құрылысшысы жұмылдырылған. Олар қазіргі таңда 43 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын қызу атқаруда.

Сонымен қатар, облыс әкімі Атырау облысына қарасты 1-сектордың жұмысымен танысты. Атыраулық аймаққа 450 нысан қарайды. Батыстық 9 компаниядан 200-ге жуық жұмысшы жөндеу жұмыстарына белсене кіріскен. Өмірзақ Шөкеев құрылыс жұмыстарын уақытында сапалы етіп аяқтауды жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, 2019-07-04, 10:57 966
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.