26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Жанубий Қозоғистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 700-50-55
+ 7(747) 700-50-55
ПРЕЗИДЕНТТІҢ КАДР РЕЗЕРВІ ЖАСТАРДЫ ШАҚЫРАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлау алды бағдарламасымен                                   ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алдына Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыруды міндеттеген болатын.

Әр салаларда кейбір жетістіктері бар жас қазақстандықтар резервке алынып, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігі пайда болды.

Бұл ретте, үміткерлерге қойылатын негізгі талаптарға олардың азаматтылығы, жасы, білімі және жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар жатады.

Конкурсқа Қазақстанда және шетелде тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

 «Президенттің жастар кадр резервін» қалыптастырудың басты мақсаты – жастарға ашық және тиімді «әлеуметтік лифтті» құру болып табылатынын ескеру қажет. Оларға ерекше үміт атқарылып, олар алдағы реформаларды іске асыратынын ұмытпауымыз керек.

Сондықтан, конкурсқа қатысудың бір шарты ¬– үміткердің жасы 35-тен аспауы тиіс.

Жоғары білімнің бар болуынан басқа, үміткерлерге қойылатын келесі талап – олардың жұмыс тәжірибесі бес жылдан кем емес болуы тиіс.

Персоналды іріктеу бойынша озық халықаралық тәжірибенің талдауы көрсеткендей, басқарушы лауазымдарға бес жылдық жұмыс тәжірибенің бар болуы талап етіледі.

Біріншіден, Президенттік жастар резервіне кіру – міндетті түрде лауазымға тағайындалуға кепіл бермейді.

Екіншіден, Президенттік жастар резервіне іріктеуге Президент тағайындайтын саяси қызметшілер қатыса алмайды.

Президенттік жастар резервінен саяси және жоғары әкімшілік лауазымдарға, ұлттық холдингтар мен ұлттық компанияларда жоғары басқарушы лауазымдарға тағайындалуға болады.

Әр лауазымның ерекшелігін ескеріп, басқарушы лауазымдар келесі топтарға бөлінген:

1) Салалық лауазымдар тобы, олар:

- министрлер мен олардың орынбасарлары;

- облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің орынбасарлары;

- министрліктердегі комитеттердің төрағалары;

- ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың төрағалары мен басқарма мүшелері.

2) Өңірлік лауазымдар тобы, олар:

- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;

- облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың әкімдері.

3) Басқарушылық лауазымдар тобы, олар:

- министрліктердің жауапты хатшылары;

- орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары;

- облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің аппарат басшылары.

Потенциалды резервшілерді іріктеу келесі негізгі кезеңдерден тұрады:

Бірінші кезең ¬– қатысушылардың құжаттарын қабылдау. Құжаттарды жинаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. 

Өтінім беру рәсімі барынша жеңілдетілген. 

Атап айтқанда, Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 1-30 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау үшін pkrezerv.kz автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды. Онлайн-платформаны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы.

Үміткер сайттың басты бетінде  Президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысты  мағлұматты инфографика арқылы біле алады. Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты мен іріктеу кезеңдері жазылған.

Тіркеу тәртібі барынша жеңілдетілген. Үміткерге міндетті түрде өзінің жеке мәліметтерін, аты-жөнін, тегін, ЖСН, іріктеу кезеңдерінен өтуге қолайлы тілді таңдап өзінің ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.

Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келісіммен танысып, тиісті талаптарды қабылдауы керек.

Талаптарды қабылдамайынша үміткер Президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды.

Тиісінше, Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны  pkrezerv.kz. сайтына тіркелу қажет.

Екінші кезең, үміткерлердің қабілеттерін тестілеу. Тест үміткердің күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған.

Ол үміткерлердің теориялық дайындығын, олардың талдау санасын, логикасын анықтауға мүмкіндік береді.

Үшінші кезең, кандидаттардың көшбасшылық қасиеттерін, стратегиялық көзқарасын, мотивациясы мен құндылықтарын бағалау.

Ол үшін үміткерлер эссе жазып, өздерінің әлеуметтік маңызы бар жобаларын ұсынады.

Үшінші кезеңге тағы үміткерлердің құзыреттерін бағалау кіреді.

Эссе арқылы үміткерлер сауаттылыққа, эрудиция мен білімнің ендігіне, сыни ойлау деңгейіне, логикасына, тұжырымданың негізділігіне бағаланады.

Өз кезегінде, жобалық жұмыс қатысушының таңдап алған лауазым тобына байланысты тиісті саланы немесе қызметтің бағыттары бойынша пайымын бағалауға бағытталған.

Қатысушылардың құзыреттерін бағалау жолымен олардың жеке құндылықтары, мемлекеттік қызметтегі жұмыс уәждемесінің деңгейі, сондай-ақ басқарушылық құзыреттіліктерінің болуы анықталатын болады.

Эссе мен жобалық жұмыстарды тексеру жүйеде онлайн түрде өткізіледі. Оның объективтілігі үшін процестің бейнежазбасын жүргізу жоспарланып отыр.

Құзыреттерді бағалауды Президенттің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында сарапшылармен топтық ассесменттің құралдарын (топтық бағалау) пайдалана отырып жүзеге асыралатын болады. 

Төртінші кезең, сараптамалық комиссияда қатысушылармен әңгімелесу. Осы кезеңге іріктеудің алдыңғы кезеңдеріне сәйкес балдардың жиынтығы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жіберіледі.

Президент Әкімшілігі қалыптастыратын Комиссия бұған дейінгі іріктеу кезеңдерін сәтті өткен әрбір үміткермен жеке әңгімелесу өткізеді.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша Сараптамалық комиссия ашық дауыс беру жолымен Резервке алуға ұсынылатын кандидаттардың тізімін қалыптастырады және Ұлттық комиссияның қарауына жібереді.

Іріктеудің қорытынды кезеңі – кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияда қатысушылардың кандидатураларын қарау.

Осы кезеңге Сараптамалық комиссия ұсынған ең жоғары баллдары бар қатысушылар жіберіледі.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Президенттік жастар резервіне кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданады.

Бүгінгі таңда, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу ережесі мен тәртібі 2019 жылғы 27 тамыздағы №141 Президент Жарлығымен реттелген.

Елімізге адал қызмет етуге дайын, дарынды, білімді және тәжірибелі жастарды «Президенттік жастар кадр резервіне» іріктеуге қатысуға шақырамыз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, 2019-09-10, 23:53 96
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Элбоши мактуби
Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Жанубий Қозоғистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.