26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Өмірзақ Шөкеев мереке күндері қырағалықты күшейтіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бұйырды

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілістің күн тәртібінде облыстағы пайдалданылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстарының барысы туралы, жер саласы бойынша талдау жөніндегі жұмысшы топтың қорытындысы тыңдалды. Сондай-ақ, Түркістан облысының 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары мен мереке күндері қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша сала жетекшілері баяндама жасады. Түркістан облысы әкімінің өкіміне сәйкес, өңірдегі жерлерді түгендеу жұмыстары жүруде. Осыған орай құрылған арнайы жұмыс тобымен аудан, қала, ауыл округі әкімдерінің 2017 жылдан бергі аралықта жер қатынастары бойынша қабылдаған қаулылары мен шешімдерін тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталған. Заңсыз табысталған жерлерді мәжбүрлеп мемлекетке қайтару туралы 300-ден астам талап – арыз түскен.

Оның жартысына жуығы қанағаттандырылып, 17 мың 438 гектар жер мемлекетке қайтарылған. Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасының мәліметінше, жалпы облыс бойынша пайдаланылмаған 220 мың 257,5 гектар жер анықталған. Оның басым бөлігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Түркістан облысында егістік жер көлемі 980,4 мың гектарды құрайды. Түгендеу жұмыстары кезінде 153 мың га. жер игерілмей келгені белгілі болған. Жер қорының электронды базасы, кезекші картасы жасалмаған. Осыған орай облыс басшысы барлық аудан әкімдеріне өзекті мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарап, арнайы жұмыс жоспарын құруды бұйырды. Қараусыз қалған жерлерді тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталып, тиісті тұлғаларға тапсырма жүктеді.  Аппарат отырысында Түркістан облысының 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары жайлы баяндама жасалды. Жоспар бойынша ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыру үшін білім беру, денсаулық, мәдениет, туризм, спорт салаларында елеулі өзгерістер орын алмақ. Жол, ауыз су, газ, көлік, байланыс, жарық, тұрғын үй құрылысы, аграрлық сектор мен елді-мекендердегі инфрақұрылымды дамытумен қатар жұмыспен қамту мәселелері бойынша нақты шаралар талқыланды. Алдағы күндері Түркістан облысының ішкі істер департаменті мен төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің  жеке құрамы күшейтілген тәртіпке көшеді. Өмірзақ Естайұлы жиында көтерілген мәселелерді жан-жақты қамти отырып, мереке күндері қырағылықты күшейтіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бұйырды. Ауа-райы бұзылған жағдайда апаттың алдын алу үшін қаупі басым тас жолдарды бақылауды тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, 2019-12-31, 04:31 1561
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.