26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Nur Otan партиясының праймеризіне Шымкент қаласынан үміткер Нишанбаев Тахирбек Фархадұлының Сайлауалды бағдарламасы

Өмірбаяны

Мен, Нишанбаев Тахирбек Фархадұлы 20 қазанда 1971 жылы Шымкент қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келдім.

1989 жылы Ақмола мемлекеттік медицина институтына түсіп, оны 1995 жылы бітіріп, хирург–дәрігер лауазымын алдым.

Сол жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының “Облыстық балалар ауруханасында” жоғары санатты хирург-дәрігермін.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап 2018 жылдың желтоқсан айына дейін Облыстық балалар ауруханасының Төтенше Жағдайлар бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқардым.

2014 жылдан “Байтерек Агро” ауыл шаруашылығы кооперативі құрылтайшысымын.

2017 жылдан Қазақстан Республикасы өзбектері “Дўстлик” қауымдастығы төрағасының орынбасары қызметін атқарамын.

2018 жыл 1 мамырынан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы, Қаратау ауданы Фермерлер Одағының төрағасы қызметін атқарамын.

2020 жылы ақпан айында Nur Otan партиясы Қаратау аудандық филиалы “Испиджаб” БПҰ төрағасы қызметін атқардым. 

2020 жылы тамыз айынан бастап Шымкент қаласының Атамекен кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңестігінің мүшесімін.

Үйленгенмін, үш қызым бар.

Сайлауалды бағдарламасы

Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі

- Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтерді жетілдіру үшін күш саламын;

- Науқастарды қашықтықтан емдеу тәсілін дамытып, диагностикалық тексерулердің сапасына көңіл бөлемін.

- Денсаулық сақтау саласын цифрландыруды басшылыққа аламын;

- Медицина мекемелерін шетелдік заманауи техникамен жабдықталуын қадағалаймын.

- Көпсалалы ауруханалардың тұрғындарды сапалы емдеп шығуына бақылауды күшейтемін.

- Ауданда дәрігерлік амбулаториялардың салынуына және медициналық нысандар тапшылығын шешуге атсалысамын.

- Қатерлі ісік ауруларын емдеу үшін позитронды-эмиссиондық томографияның іске қосылуына күш саламын.

- Көпбалалы аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық көмектің сапалы болуын қадағалаймын.

- Ардагерлер мен жалғыз қарттарға медициналық қызметтердің жоғары деңгейде көрсетіліун бақылауға аламын. 

- Медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге атсалысамын.

Экономикалық өрлеу мен кәсіпкерлік мәселесі

- Ауданда тұрақты жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасаймын.

- Шетелдік инвесторлармен бірлесе ауыл шаруашылығы бойынша жобалардың жүзеге асырылуына атсалысамын. 

- Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерде субсидиялауды бақылауға аламын. 

- Аудандағы ауыл шаруашылық өнімдерін көршілес елдерге экспорттауға атсалысамын. 

- “Оңтүстік“ арнайы экономикалық аймағын, әлеуетін арттыруға күш саламын.

- Жылыжайлардың көлемін арттырып, көлік-логистикалық аймақ құруға күш саламын.

- Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігіні дамытуға, жеңілдетілген несие берілуіне күш саламын. 

- “Еңбек” жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетілуін бақылаймын.

Тұрғындарды баспанамен қамту

- Жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға несиелік тұрғын үйлердің қолжетімді болуын бақылаймын.

- Көпқабатты үйлердің аулаларында ойын-сауық орталықтарының салынуына атсалысамын.

- Көп балалы отбасы және әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтардың баспана мен қамтылуына жағдай жасаймын.

Әлеуметтік саланы дамыту

- Жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің көбеюіне атсалысамын.

- Сапалы әрі жүйелі білім беруді дамытуды қолға алып, үш ауысымды мектептерді жойып, жаңа типтік негіздегі білім ошақтарын салуға күш саламын.

- Педагогтардың мәртебесін көтеріп, оқу орындарын материалдық-техникалық базасын нығайтуға атсалысамын. 

- Қала және ауданда спорттық дене шынықтыру – сауықтыру кешендерін салуға және спорт мектептері мен стадиондардың күрделі жөндеуден өткізуге атсалысамын.

- Жас отбасыларға, көп балалы және аз қамтылған жанұяларға көмек беріп, ардагерлер қауымына тынығатын орталықтар ашуға атсалысамын.

- Спорттық сауықтыру кешендердің салынуына, стрит-воркаут және спорт алаңдарының ашылуына күш саламын. 

- Көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандырып, ұлттық спорт түрлерін насихаттауды басшылыққа аламын.

2020-09-23, 20:50 49
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Элбоши мактуби
Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.