26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 720 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙДЫ

Биыл Түркістан облысында 30 мыңнан астам агроқұрылымдарға 33,0 млрд. теңге мемлекеттік қолдау көрсетіліп, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 10 айда  635,3 млрд. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 18,5 млрд. теңгеге артып, сәйкесінше еңбек өнімділігінің өсімі 107,3 % құраған. Жыл соңына дейін жалпы өнім көлемінің индексі 104 % жеткізіледі. Ел экономикасын көтеруде аса маңызды саланың осы және өзге де жетістіктері өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен облыстық «Алтын күз-2020» мерекелік шарасында айтылды. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне арналған.

Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімінің
20 пайызын құрайтын облыстың негізгі саласы болып табылады.

 

Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өткеніндей, ауыл шаруашылығын дамытусыз бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Қасым-Жомарт Кемелұлы елді азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін екі жарым есеге арттыру бойынша міндеттер қойған болатын.Осы бағыттардың барлығы бойынша 2020 жылы Түркістан облысында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Аймақ басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы өткен жылмен салыстырғанда 17,0 мың гектарға артып, 846,1 мың га құраған.

Егістікті әртараптандыруға сәйкес масақты дақылдар 18,8 мың га артып, 250,5 мың га жерге, мал азықтық дақылдар 11,0 мың га артып, 212,7 мың га-ға, көкөніс, бақша 1,7 мың га артып, 120,5 мың га-ға орналастырылса, тиісінше мақта дақылы 5,5 мың га қысқартылып 125,8 мың га алқапқа егілді.

 Масақты дақылдар тікелей егу әдісімен 1,5 мың га егіліп, өткен жылдан 3 есеге артты. Технология жұмыс күшін азайтып, еңбек өнімділігін 1,5 есе арттыруға мүмкіндік берді.

 75,0 мың тонна 500 түрлі минералды тыңайтқыштар 50 % жеңілдікпен тауар өндірушілерге жеткізілді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге нарықтық бағадан 16 теңгеге арзандатылған бағамен 76,2 мың тонна жанар-жағар май босатылды. Жаңадан 929 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, техника паркін жаңалау үлесі 5 % жетті.

 Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру мақсатында облыста  «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 128 ауыл округте 5,2 мың гектарды құрайтын 2000 жуық жобалар жүзеге асырылып

220,0 мың тн. өнім өндірілді.

 Мемлекет басшысының жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану тапсырмасына орай, үйіргелік жерлерді игеру қолға алынды. Бұл көп балалы аналардың, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың табысын артырып, өмір сүру деңгейін көтеруге серпіліс берді.  

 Нәтижесінде 287 жоба жүзеге асырылып, әр отбасы 850,0 мың теңгеден табыс тапқан.  Оның ішінде, «Еңбек» бағдарламасымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік гранты есебінен 105 жоба қаржыландырылды.

        

Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы аясында 11 мың гектар алқапты жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделген. Бүгінгі таңда, Кентау қаласы «Шаға» ауылдық округінде
2000 га жаңбырлатып суғару технологиясы ендірілді. Технологияның тиімділігі: дақыл түріне қарай ағын суды 2-3 есеге үнемдеп, өнімділікті 2-4 есеге арттырады.

        

Ет экспортының әлеуетін арттыру бағытында Өзбекстан, Ресей елдеріне 5343,8 тонна сиыр еті, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Ресей елдеріне 301,1 тонна қой еті, Өзбекстан, Ресей елдеріне 33,8 тонна жылқы еті  экспортталды. Түркістан облысы республикада ірі қара мал етін экспорттау бойынша 1 орында. Сонымен қатар, аймақта балық шаруашылығын дамытудың арнайы өңірлік бағдарламасы әзірленуде.      

        

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, 2020-11-19, 05:44 698
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.