26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
КИЕЛІ ЖЕР: ҚАНАРБАЙ АТА

 

 

Өзбекстан Республикасының ең шалғай аудандарының бірі – Науайы облысы, Үшқұдық ауданын біз «Қызылқұм гауһары» деп атаймыз.

Бүгінде «Қызылқұмның гауһары» атанған Үшқұдық – осында тұратын 36 мыңға жуық халықтың отаны! Үшқұдық – 30-ға жуық ұлт пен ұлыстардың мақтанышы! Бұрынғы шағын ғана өнеркәсіпшілер қорғаны болған Үшқұдық тәуелсіздік жылдарында үлкейіп, көркейе түсті.

ТОПЫРАҒЫ ҚАСИЕТТІ

Туған жеріміздің әрбір қарыс жері киелі. Онда Шығыс өркениетінің іргетасын қалаған ұлы ғұламалар мен әулиелердің ізі сақталған. Қызылқұмның төңірегінде біз білетін және білмейтін тарих сыры жатыр.

Атап айтқанда, ауданымызда «Ерлер ата», «Қошқар ата», «Момын ата», «Бедер ата», «Қанарбай ата» сынды киелі орындар бар. Бүгінде олардың әрқайсысында құрылыс, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, зиярат етушілерге жағдай жасалған.

ҚАНАРБАЙ АТА КЕСЕНЕСІ

Аудан орталығынан 120 шақырымдай жерде Ұзынқұдық ауылында орналасқан Қанарбай ата киелі өңірдегі тарихи ескерткіштердің бірі. Бұл жерде «әулие» деп танылған Қанарбай атаның бейіті бар. Өз білімін игі істерге арнап, халық арасында жоғары құрметке ие болған Қаранбай ата жайында біраз деректер бізге дейін жеткен.

ҚАНАРБАЙ  АТА кім болған?

Айбас ұлы Қанарбай ата 1836 жылы Ұзынқұдық ауылы Аютерең тауында дүниеге келген. Оқып білім алуға жағдайы болмағандықтан, етікшіге шәкірт болып түседі. Етікшілік өнерін үйреніп, халыққа қызмет етеді. Сонымен бірге діни білімі бар адамдардан білмегенін сұрап, осылайша діни сауаттылығын ашады.

Қанарбай жас кезінде ауылдан қайтып келе жатқан керуендерді қызыға қарап, үлкен қалаларға барып, ғылым үйренуді армандаған. Өзінің қалауымен керуенбасыға қызметші болып жұмысқа орналасып, керуенге қосылып Бұхараға аттанады.

Арадан біраз уақыт өткеннен кейін Бұхарадағы Көкалтас медресесінде оқи бастайды. Сондай-ақ, ол өзінің зиректігі, алған білімімен ұстаздары мен қатарластарының құрметіне бөленеді.

Бір күні ұстаз шәкірттерін медресеге жинап алып, Лабиховуздан су әкелуді бұйырады. Барлық шәкірттер мұғалімнің бұйрығын орындауға асығады, бірақ олардың ешқайсысы орындай алмайды. Ал, Қанарбай үйренген дұғаларды қатесіз оқып, елекке су толтырып, ұстазына әкеледі. Дәл осы оқиғадан кейін оны медресе ұстаздары мен шәкірттері «әулие» деп таныды.

АУЫЛҒА ҚАЙТУ...

Ауылға оралған Қанарбай ата көп жылдар бойы халық арасында жақсылықты уағыздады. Әулие атаны тәуіп еткен адамдардың ауыры жеңіл болған. Өз еңбегімен ғана ғұмыр сүрген Қанарбай ата 1899 жылы қайтыс болды.

Иә, Қанарбай атаның қасиетіне тағзым еткен мыңдаған адамдар ол туралы жылы лебіздерін айтып, есімін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Сондықтан қайырымды жандардың ықыласымен бұл жерде бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізілді.

ҚАНАРБАЙ АТА ҚОРЫ

Атап айтқанда, 2004 жылы 6 желтоқсанда «Қанарбай ата» қайырымдылық қоры құрылып, оның есепшоты ашылды. Көп ұзамай 2005 жылы 16 сәуірде жаңа мешіттің құрылысына алғашқы кірпіш қаланды. Жомарт жандар және де демеушілердің көмегімен мешіт қысқа мерзімде салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Қанарбай атаның туғанына 170 жыл толуына орай құдық қазылып, 1069 метр тереңдіктен су шығарылды.

Қазіргі таңда Үшқұдық ауданындағы жалпы білім беретін мектептерде үздік бағамен білім алып, қатарластарына үлгі болған оқушыларға «Қанарбай ата» шәкіртақысы тағайындалды. Шәкіртақы жыл сайын «Соңғы қоңырау» шараларында үздік оқушыларға табысталады.

 

 

 

 

Райхан ҚАДІРОВА, «Үшқұдық» газеті редакторы., 2022-07-01, 22:47 829
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.