26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
МӘМС ЖҮЙЕСІ АЯСЫНДА ЕЛІМІЗДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ 182 МЫҢНАН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстанда МӘМС аясында қалалық және аудандық емханалар мен жеке клиникалар жанында 218 орталық жұмыс істейді. Онда 12-17 жастағы жасөспірімдерге және 18-29 жастағы жастарға қызмет көрсетіледі. Жас ерекшеліктеріне байланысты және құпиялылықты сақтай отырып, барлығына кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіледі. 

Қордың заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі департаменті директорының орынбасары Жанар Ботагаринаның айтуынша, орталықтардың басты мақсаты - жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, репродуктивті денсаулықты қорғау, оның ішінде ерте жыныстық белсенділік пен мерзімінен бұрын жүктіліктің алдын алу, контрацептивтерді пайдалану, отбасын жоспарлау және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы хабардар ету. 

Орталықтардың қызметтеріне сұраныс жыл сайын артып келеді. Тек 5 айдың ішінде орталықтар құны 431 млн. Астам сомаға 182 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетті, 2022 жылы 2,2 млрд.теңге сомасына медициналық қызмет көрсетуге шарттар жасалды.

Сұрақтар туындаған жағдайда емханадағы пациенттерді қолдау қызметіне хабарласып сұрай аласыз. Егер сізге ол жерде көмек көрсетілмесе, өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot. Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз.

"НҰРЛЫ МЕД" МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ. Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, 2022-07-07, 21:01 952
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.