26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында қоғамдық кеңестің сегізінші отырысы өтті.  Онда Қордың ары қарайғы дамуы мен консультативті-диагностикалық қызметтерді қаржыландыру мәселелері қарастырылды.   

Отырыс барысында МӘМС Басқарма Төрағасының орынбасары Айдар Нұралиев халықты медициналық сақтандыру жүйесімен қамту, медициналық қызметтер нарығын дамытуға көмектесу, халық сенімін арттыру және пациенттердің құқығын қорғау – Қордың стратегиялық міндеті екенін атап өтті. Осыған байланысты халық арасында сұранысқа ие Қордың 1406 байланыс орталығы тегін болатын қызметтер тізіміне кіргізу өзекті болып отыр. 

 «Денсаулық сақтау министрлігі 1406 бірыңғай байланыс орталығының нөмірін жедел медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, апаттық және өзге де қызметтер кіретін тізімге енгізуді бірнеше рет көтерген болатын. Әзірше бұл бастама қолдау тапқан жоқ. Қазір бұл сұрақ талқыға салынып жатыр», - деп атап өтті А.Нұралиев. 

Сонымен бірге отырыстың күн тәртібіне консультативті-диагностикалық қызметті қаржыландыру енгізілді.

Басқарма Төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан амбулаторлық емханалық деңгейде консультативті-диагностикалық қызметтерге сұраныстың едәуір артқанын атап өтті. 

Атап айтар болсақ, 2019 жылы 56,4 млн қызмет көрсетілсе, 2021 жылы пациенттер 292 млн қызметті тұтынған.

Пациенттер арасында зертханалық анализдер мен диагностикалық зерттеулер, клиникалық химия (биохимия), жалпы клиникалық тексерулер, гематология, иммунология, микробиология, гистопатология және цитология, сонымен бірге ЭКГ мен эндоскопиялық зерттеулер, офтальмолог емшаралары мен манипуляциялары ең көп сұранысқа ие. 

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің Төрағасы Серік Бектұрғанов денсаулық сақтау жүйесінің қаржы операторы ретінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының  маңыздылығын атап өтті.  Сонымен қатар, қоғамдық кеңес отырысының мүшелері бірауыздан МӘМС жұмысын жетілдіру және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын жақсарту бойынша сұрақтармен  Денсаулық сақтау министрлігіне жүгінетін болып  шешті.

«Нұрлы Мед» медицина орталығы. Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, 2022-07-21, 04:22 709
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.