26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
БЖТ төлемін қандай санаттар төлейді?

Бүгінде ресми жұмыс істемей-ақ, өз бетінше табыс табатындар бар.  Мемлекет бұл санаттардың медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалдырмау үшін бірыңғай жиынтық төлемін енгізген болатын. Осы төлем жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Лаура Сапарбековадан сұраған едік.

-БЖТ төлемі  кімдерге  арналған?

-Бірыңғай жиынтық төлемі - өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған төлем түрі. 

Атап өтерлігі,  бала күтуші, фрилансерлер, такси жүргізушілер, қорадағы азын-аулақ малын сатып, табыс табатын өзге де қазақстандықтар бар. Дәл осы азаматтарға бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеу тиімді әрі ыңғайлы. Ол төрт түрлі төлемді – жеке табыс салығын, зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына және медициналық сақтандыру қорына аударылатын жарналарды біріктіреді. 

Жалпы, салық кодексінің 774-бабына сәйкес, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін немесе оларға жеке қосалқы шаруашылықтың өнімдерін сататындарға БЖТ төлеуіне болады.

БЖТ төлеуші мәртебесін алу үшін жеке тұлғаның табыс мөлшері жылына  1 175 АЕК-тен аспауы тиіс. Демек, бұл cома 2023 жылы 4 053 750 теңгеге тең. Егер бір жыл ішінде табыс осы көрсеткіштен асып кетсе, бұл азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті болады.

Сонымен қатар, тапсырыс бойынша тігін тігу, тоқу, өз пәтерін жалға беру, көкөністер мен жемістерді өсіру және сату, үйде кондитерлік және т.б өнімдер жасап сату (сауда нысандарының аумағында емес), омарта ұстау, жеке қосалқы шаруашылықтан ет және сүт өнімдерін сатумен айналысатындар осы төлем түрін төлеуіне болады.

Ал, сауда орталықтары аумағында қызмет көрсететін жеке тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және т.б.), тұрғын жайды қоспағанда, мүлікті жалға (жалдауға) беретіндер, қандастарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар,  жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғалар БЖТ төлеуіне болмайды.

-Басқа  төлемдерден БЖТ  артықшылығы неде?

-Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам бірыңғай жиынтық төлемнің бір айын уақытылы  төлемесе, сақтандыру мәртебесінен айрылады. Сондықтан ай сайын төлем уақытын өткізіп алмау маңызды немесе алдағы кезеңдерге алдын ала төлем жасау керек.

Бұл азаматтар салық органында тіркеуде болмаса зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруға қауқарсыз болады. Ал БЖТ төлемі осы мәселелерді оңтайлы шешеді. Оған қоса патент немесе «жеңілдетілген» режиммен салыстырғанның өзінде ай сайынғы салық жүктемесінің мөлшері көп емес. 

Жарнаның төмен мөлшері. Жалпы БЖТ-ға мыналар кіреді:

10% – жеке табыс салығы (ЖТС);

20% – әлеуметтік аударымдар (ӘА);

30% – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

40% – міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС)

Бірыңғай жиынтық төлем төлеу ауылдық аймақтарда тұратын азаматтарға тиімді. Себебі олар ай сайын 1725 теңгеден  (1725*12=20700) төлеп, МӘМС аясында  барлық медициналық қызмет түрін  шектеусіз алады. Яғни, қажетті тексерулерден өтіп, операция жасатуға, оңалтудан өтуге, амбулаториялық негізде дәрігердің бақылауында болады. Бұл жерде пациент аталған медициналық қызметтер үшін қосымша төлем жасамайды.  Яғни, әрбір сақтандырылған адам аударған жарна мөлшеріне қарамастан, медициналық қызметтерді толық көлемде уақтылы алуға құқылы.

Бірыңғай жиынтық төлем бір айлық есептік көрсеткіш көлемін құрайды. Биылғы жылы елімізде АЕК мөлшері – 3 450 теңге. Осыған орай, республикалық және облыстық маңызы бар қала тұрғындары ай сайын 3 450 теңгеден, ал басқа елді мекендердің азаматтары 1 725 теңге ( 0,5 АЕК) төлеуге мүмкіндігі бар. 

Ай сайын БЖТ  төлеп, тұлға өз қызметін толығымен заңдастырып қана қоймай, болашақ зейнетақыны (базалық зейнетақы төлемін) қамтамасыз етеді және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (ГФСС) сақтандыру төлемдерін алуға құқылы болады. 

-БЖТ төлеудің тәртібі бар ма?

-МӘМС жүйесінде «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» болу үшін 3 ай қатарынан БЖТ төлем болу керек. Төлем 3 ай енгізілгеннен кейін ғана мәртебе беріледі. Мысалы, наурыз, сәуір, мамыр айларына  БЖТ төлемі түскен соң, МӘМС жүйесінде мәртебе беріледі.

Жалпы, мәртебені сақтап  қалу  үшін әр айдың  25-іне дейін төлемді төлеп жалғастырғаны жөн.

Яғни, медициналық сақтандыру мәртебесін жоғалтпау үшін бұл төлем түрін ай сайын жасау керек немесе өткізіп алмау үшін алдағы айлар үшін алдын-ала төлем жасауға болады.

Төлем кез келген банктте, банктердің мобильді қосымшалары арқылы және «Қазпошта» бөлімшелерінде қабылданады. Төлем жасау кезінде ақша аударылатын тұлғаның ЖСН, төлем жасалатын айды көрсетуі керек.

-МӘМС жүйесіне артық немесе қате төленген жарналарды қалай қайтаруға болады ма?

-Егер БЖТ төлеу кезінде артық төлем жасалса немесе деректерді енгізу кезінде қате болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазып, төлемді растайтын құжаттарды қосу қажет. Не болмаса егов порталда Е-өтініш арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалына  өтініш қалдыруына болады. Өтінішті қарау 15 жұмыс күнінен аспайды. Төлем қандай түрде жүргізілсе, дәл солай қайтарылады. 

 Ескеретін жайт, дербес төлеушілер алдағы 12 айға төлем жасаған кезде бір айға  БЖТ төлемі ретінде төлеп жіберсе, онда ол  сақтандыру мәртебесіне ие болмайды. Ол үшін дербес төлеуші ретінде төлемдерді толық  төлегені жөн. Ал, қате төлемдерді қайтарып алуына болады. 

Сонымен қатар,  БЖТ төлейтін азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркелген кезде автоматты түрде БЖТ төлеушілер тізімінен шығады. Демек, МӘМС үшін төлемді жеке кәсіпкер мәртебесінде төлеуі керек. 

-Жүкті және босанған әйелдердің жеңілдік санаттан шығып қалуына не себеп?

-Ресми жұмыс істемейтін әрі тиісті аударымдары жоқ көптеген жүкті әйелдер жеті ай бойы арнайы БЖТ төлемін  жасайды. Бұл оларға бала күтімі бойынша бір жарым жасқа дейінгі әлеуметтік төлемдерді алу үшін құжат тапсыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әйел «Жұмыс істемейтін жүкті әйел» жеңілдік санатынан шығарылады. Себебі, жүйе оның БЖТ ішіндегі аударымдарын көреді және ол табыс табатын адам болып есептеледі. Ал жеті ай бойы БЖТ жасаған азаматшаның сегізіншісінде төлемі болмаса, ол сақтандыру мәртебесіне ие болмайды. 

Осы кезде ол екі жолдың бірін таңдай алады: 1) өзін өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде сақтандыру мәртебесін сақтау үшін БЖТ төлеуді жалғастыра беруі керек; 2) ал келесі жағдайда ол БЖТ-ны екі ай төлемесе, жеңілдік санатына кіреді де, сақтандыру мәртебесін алады (жүйе оның аударымдары жоқ екенін көреді, яғни ол жұмыс істемейді деп есептеледі). Екінші жағдайда ол сақтандыру мәртебесін алғанға дейін осы екі ай ішінде МӘМС аясында медициналық көмек ала алмайды. Бірақ қажет болған жағдайда ол тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында шұғыл көмекке жүгіне алады.

Егер тағы да басқа сұрақтар туындап жатса, пациент  өз емханасындағы пациенттерді қолдау және ішкі бақылау  қызметіне  жүгінеді. Ал, ол жерден мардымды жауап алмаса, медициналық сақтандыру қорының  fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot өтініш қалдыруға болады.

Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің сайтындағы (egov.kz) «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы да ақпарат беріледі.

Түркістан облысы, Сайрам аудандық ''Қарабұлақ'' ауруханасы, 2023-04-01, 02:22 1085
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.