«Жанубий Қозоғистон» газеті
Тәуелсіздікпен құрдас басылым
Бастауын 1991 жылы 5 сәуірде облыс әкімдігінің органы ретінде жарыққа шыққан «Дўстлик байроғи» («Достық туы») газетінен алатын мерзімді басылым осынау жылдар барысында халқымен бірге талай кезеңдерді бастан өткерді. Заман ағымына орай атауы өзгерген өзбек оқырмандарының қасиетті басылымы – «Жанубий Қозоғистон» газеті бүгінде Президенттің сара саясатын елге кеңінен түсіндіріп, халық пен билік арасын байланыстыратын алтын көпірге айналған.
Негізінде, газеттің тарихы 1989 жылдан басталған. Өзбек зиялыларынан құралған делегация сол кезде СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысына хатпен шығып, тіпті, Мәскеуге де барып келген. Бастама Мәскеу тарапынан қолдау тауып, алғашқы нөміріміз «Дўстлик байроғи» деген атпен шықты. Алғашқы кезденақ таралымы 2-3 мыңға жеткен газет келе-келе көп ұлтты Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігіне бағытталған саяси мәні зор газетке айналды. Бастапқыда редакцияға оңтүстік қазақстандық өзбек журналистикасының негізін қалаушылардың бірі, ақын әрі аудармашы Сабыржан Юсуфалиев жетекшілік етті.
«Дўстлик байроғи» 1998 жылы 1 қаңтарда атын өзгертіп, облыс әкімдігі құрылтайшы болып табылатын «Жанубий Қозоғистон» қоғамдық-саяси газеті болып шыға бастады. Облыс өңірінде өтіп жатқан ең басты оқиғалар газет беттерінде үзбей жарық көріп келеді. Басылымда ҚРдағы өзбек журналистикасының ең үздік таланттары мен фотокорреспонденттері жұмыс істеді. Облыстың өңірлерінде меншікті тілшілер қызмет етуде.
Өткен отыз үш жылдық кезеңде «Жанубий Қозоғистонға» С. Юсуфалиев, Х. Қочқаров, А. Сарманов, Ф. Қаратаев, М. Абубакиров және А. Сатвалдиев сынды азаматтар басшылық етті. Олардың қатарынан С. Юсуфалиев ҚР Парламентінің бірінші шақырылымдағы депутаты болып сайланған болса, редакцияға түрлі жылдарда екі рет басшылық жасаған Ф. Қаратаев ҚР Парламенті Мәжілісінің екі шақырылым депутаты ретінде қызмет атқарды. Бүгінгі күнде олардың жолын А. Сатвалдиев ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып жалғастыруда. Бұл редакциямыздың мақтанышы.
Бүгінгі таңда ұжымға Алибаев Раимжан Артикбайұлы басшылық жасап отыр. Орынбасарлары Мұрат Абубакиров, Авазхан Боранбаев. Осы кезеңде «Жанубий Қозоғистон» тәуелсіз Қазақстанмен қатар өсіп, мол тәжірибе жинақтады.
Облыс оқырмандарына етене таныс – «Жанубий Қозоғистон» газетінің оқырмандары 16 мыңға жуық. Өңір халқының 500 мыңға жуығын құрайтын өзбек халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін, тілі мен құндылықтарын, өнерін насихаттап отырған шығармашылық ортаның қоғамда алатын орны да ерекше. Газеттің «Шаңырақ», «Адабиёт ва санъат», «Ҳидоят сари», «Қонун ва ҳаёт», «Кўнгил кўчалари», «Мактабдош», «Суҳбатдош», «Турмуш чорраҳаларида» атты арнайы беттері ай сайын, кезекпе-кезек жарық көріп, оқырмандар көңілін қуантады. Қазақстанның гүлденуіне, экономикасының өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып келе жетқан газетімізді бүгінде, даладағы диқаннан бастап, мемлекет қайраткеріне дейін оқиды.
Сонымен қатар «Жанубий Қозоғистон» жалауының астында облысқа, республикаға танымал қаншама дарындардың тусауы кесілді, мемлекет қайраткерлерін, көптеген ақын-жазушыларды тулетіп ұшырған. «Жанубий Қозоғистонның» төңірегінде «Чашма», «Исфижоб», «Чимкент», «Сайрам», «Карвон», «Шамчироқ» т.б. әдеби бірлестіктер қалыптасты. Белгілі ақын-жазушылар Эрназар Рузиметов, Хавазмат Қошқаров, Закиржан Моминжанов, Абдурахим Пратов, Соатой Камалова, Умриай Каримова, Ибрагим Хуккиев, Эркинай Султанова, Махида Юлдашева секілділер ел мақтанышына айналды.
Газет ақпарат құралы. Сонымен бірге тарих деп айтуға да әбден болады. Оны «Дўстлик байроғи» мен «Жанубий Қозоғистон»ның сарғайған беттерін парақтағанда анық байқаймыз.
«Газет – халықтың көзі, тілі мен құлағы», деген ел ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың қағидасы өте тауып айтылған.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2020 йил 21 апрелда рўйхатга олиниб, KZ34VPY00022503 гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.