26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектен тыс сайлауын өткiзу аясында Қазақстан Республикасының Президенттiгiне тiркелген кандидаттарға «Жанубий Қозоғистон» газетiнде орын берудiң шарттары мен тәртiбi туралы

Бұйрық

3.05.2019 ж. №28                                                               Шымкент қаласы

«2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектен тыс сайлауын өткiзу аясында Қазақстан Республикасының Президенттiгiне тiркелген кандидаттарға «Жанубий Қозоғистон» газетiнде орын берудiң шарттары мен тәртiбi туралы»

Қазақстан Республикасындағы сайлау заңдылықтары мен 2019 жылдың 9 маусымына таға­йындал­ған Қазақстан Рес­публикасы Пре­зидентiнiң кезек­тен тыс сайлауын өткiзу аясында Қазақстан Республи­касының Пре­зиденттiгiне тiркелген канди­даттарға газеттен орын бе­рудiң талаптарын орындау мақ­сатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасындағы сайлау заңдылықтары мен 2019 жылдың 9 маусымына таға­йындал­ған Қазақстан Республикасы Пре­зидентiнiң кезектен тыс сай­ла­уын өткiзу аясында «Қазақстан Рес­­пуб­ликасының Президенттiгiне тiр­келген кандидаттарға газеттен орын берудiң шарттары мен тәртiбi туралы Ереже» бекiтiлсiн (№1 қосымша).

2. 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентiнiң кезектен тыс сайлауын өткiзу аясында Қазақстан Республикасының Президенттiгiне тiркелген кандидаттарға «Жанубий Қозоғистон» газетiнде берiлген орын­ға төлем жасау мөлшерi бекiтiлсiн (№2 қосымша).

3. Осы бұйрықтың мазмұны (iшкi ұйымдастыру сипатындағы 4-8 тар­мақтарды қоспағанда) және «2019 жыл­дың 9 маусымына тағайындалған Қа­зақстан Рес­публикасы Пре­зи­ден­тi­нiң кезектен тыс сайлауын өткiзу ая­­сында Қа­зақстан Республикасының Пре­зиденттiгiне тiркелген кандидат­­тарға «Жанубий Қозоғистон» га­­­­­­­­зе­тiнде орын берудiң шарттары мен тәр­тiбi туралы Ереже» «Жа­ну­бий Қо­­­­зоғистон» газетiнiң кезектi нө­­мi­рiнде жариялансын.

4. 2019 жылдың 9 маусымына та­ғайындалған Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентiнiң кезектен тыс сайлауы аясында өтетiн Қа­зақстан Республикасының Пре­зиденттiгiне тiркелген канди­­­­даттарға «Жанубий Қозоғистон» газетiнде орын беру ту­ралы Ілгi шарт бекiтiлсiн (№3 қо­сымша).

5. Серіктестіктің жарнама бөлi­мi  (З. Моминжанов):

- осы бұйрықпен бекiтiлген «2019 жылдың 9 маусымына тағайын­далған Қазақстан Республикасы Пре­­зидентiнiң кезектен тыс сайла­уын өткiзу аясында Қазақстан Рес­публикасының Президенттiгiне тiр­келген кандидаттарға «Жанубий Қозоғистон»» газетiнде орын берудiң шарттары мен тәр­тiбi туралы Ере­женiң» сөзсiз орында­луын қам­тамасыз етсiн; 

- осы бұйрықтың 3 тармағының орындалуын қамтамасыз етсiн;

- осы бұйрық мазмұнының кө­­­­шiрмесiн (iшкi ұйымдастыру сипа­тындағы 4-8 тармақтарды қоспа­ғанда) қосымшаларымен бiрге об­лыстық және Орталық сайлау ко­мисссиясына ұсынсын;

- осы бұйрықтың толық көлемдегi көшiрмесiн қосымшаларымен бiрге «Жанубий Қозоғистон» облыстық қо­ғамдық-саяси газетi редакциясы» ЖШС-нiң органына ұсынсын. 

6. Серіктестіктің жарнама және есеп-қисап бөлiмi (З.Моминжанов А. Бейсебаева) 2019 жылдың 9 мау­сымына тағайындалған Қа­за­қстан Республикасы Пре­зиден­тi­­нiң кезектен тыс сайлауын өт­кi­зу аясында Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенттiгiне тiркел­ген кандидаттарға «Жанубий Қо­зо­ғистон» газетiнде берiлген орын үшiн №2  қосымшада бел­гiленген мөлшерде және алдын ала 100 пайыз төлем алуды қамтамасыз етсiн. 

7. Осы бұйрық қол қойылған сәт­­­тен бастап күшiне енедi. 

8. Осы бұйрыққа бақылау жа­­сауды өзiме қалдырамын. 

А. Сатвалдиев,

директор-бас редактор.

 

«Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетi редакциясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң  директор-бас редакторының  2019 жылғы 3 мамырдағы №28 бұйрығына №1 ҚОСЫМША

2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған Қазақстан Рес­­­пуб­ликасы Президентiнiң кезектен тыс сайлауын өткiзу аясында Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Президенттiгiне тiркелген канди­даттарға «Жанубий Қозоғистон» газетiнен бас­­­­пасөз алаңын ұсынудың шарттары мен тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

1. 2019 жылдың 9 маусымына та­ғайындалған Қазақстан Рес­публикасы Президентiнiң кезектен тыс сайлауын өткiзу аясында Қа­зақстан Рес­публикасының Пре­зиденттiгiне тiркелген кан­дидат­тарға «Жанубий Қозоғистон» га­зетiнен бас­­­­­­­­­­­­­­­пасөз алаңын ұсынудың шарттары мен тәртiбi ту­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ралы бұл ереже /бұдан әрi - Ереже/ Қазақстан Рес­публикасының сайлау туралы заңдылығы шең­­берiнде жасалып, 2019 жылдың 9 маусымына таға­йындалған Қазақстан Республикасы Прези­дентiнiң кезектен тыс сайлауын өткiзудiң барлық кезеңiнде «Жанубий Қозоғистон» газетiнде сайлауалды үгiт-насихат материалдарын жария­лаудың тәртiбiн ұсынады. 

2. Бұл ереженi қолдану кезiнде 2019 жылдың 9 маусымына таға­йындалған Қазақстан Рес­­публикасы Президентiнiң кезектен тыс сайла­уын өткiзу аясында Қазақстан Рес­публикасының Пре­зиденттiгiне кан­дидаттардың қайсысын жақ­тап, не қарсы дауыс беруге шақырған сайла­ушылардың ынтасын оятуға үндеген кез кел­ген материал оның көлемi мен тақырыбына қа­рамастан сайлау алдындағы үгiт-насихат ма­те­риалы деп танылады. Соның iшiнде мына маз­мұндағы материалдар:

1)  Қазақстан Республикасы Пре­зиденттiгiне кандидаттарды жақ­тап немесе қарсы дауыс беруге ша­­­­қыр­ған үндеулер;

2) Қазақстан Республикасы Пре­зиденттiгiне кандидаттарға қатысты тура немесе жанама ықы­лас бiлдiру, оның iшiнде сайлаушы /сай­лау­­­­­­­шылар тобы/ Қазақстан Республикасы Пре­зи­денттiгiне кандидаттардың қай-қайсысын жақтап дауыс бе­ретiндiгi көрсетiлуi тиiс;

3) Сайлау қорытындысының мүмкiн болатын жағымды немесе жағымсыз әсерлер туралы пiкiрлер;

4) Сайлаушылардың осы кан­дидат ту­­­­­ралы жағымды немесе жа­ғымсыз пiкiрлерiн қалып­тастыруға қабiлетi бар Қазақстан Республикасы Президенттiгiне  кандидаттың iс-қимылы (немесе үнсiз отыруы) туралы мәлiметтер;

5) Сайлауға қатысты қоғамдық пiкiр сауал­намаларының қоры­тындысы. 

3. «Жанубий Қозоғистон» га­зе­тiнде сайлауалды үгiт-насихат ма­териалдарын жариялау 2019 жылдың 11 мамырында басталып, 2019 жылдың  8 маусымында аяқталады (Түпкiлiктi).   

4. «Жанубий Қозоғистон» га­зетiнiң редакциясы сайлауалды үгiт-насихат материалдарын, егер ол республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiп­сiздiгiне нұқсан келтiрудi, әлеу­мет­тiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топ­тық және рулық астамшылықты, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, сондай-ақ заңда қаралмаған әске­ри құрылымдардың құрылуын наси­хаттаған мазмұнда болса, ондай мә­лiметтердi (материалдарды) жа­риялаудан бас тартады. 

5. «Жанубий Қозоғистон» га­зе­тiнiң редакциясы Қазақстан Рес­публикасы Президенттiгiне кан­ди­даттардың арына, адамгершiлiгi мен iскер­лiк қабiлетiне дақ түсiретiн мәлiметтердi (мате­риалдарды), егер мұндай ақпарат редакцияға тиiстi құжаттармен қуатталып ұсы­нылмаған жағ­дайда жариялаудан бас тартады.

6. «Жанубий Қозоғистон» газе­тiнiң редакциясы мынадай жағдайда сайлауалды үгiт-насихат мате­риал­дарын жариялаудан бас тартады:

- егер жарияланымның қаржы­ландыру көзi туралы мәлiмет жоқ болса, сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының «Сайлау тура­лы» Заңымен рұқсат етiлмеген көздерден қаржы­ландырылса;

- сайлауалды үгiт-насихат мате­риалдарын орналастыратын адам­ның (өкiлдiң) өкiлеттiгi тиiстi құжат­тармен қуатталмаса;

- егер ұсынылған материал бiр­неше беттен тұратын жағдайда оның әрбiр бетiнде Қазақстан Рес­публикасы Президенттiгiне кан­дидаттың не­месе өкiлеттi адамның қолы болмаса;

- қандай да бiр заңды тұлғаның бет-бейнесi бар сайлауалды үгiт-насихат материалдары бойынша егер әлгi адамның жазбаша рұқсаты болмаса (ол егер қайтыс болған жағдайда оның заңды мұрагерiнiң жазбаша рұқсаты керек) ондай заңды тұлғаның бет-бейнесiн сайлауалды үгiт-насихат материалында пайда­лануға; 

- «Жанубий Қозоғистон» газетiнен баспасөзге орын беру жөнiндегi келiсiмшарт пен осы Ере­жеде бекi­тiлген сайлауалды үгiт-насихат ма­териалдарын жариялаудың ақысы мерзiмiнде төленбесе.

7. Сайлауалды үгiт-насихат ма­териалдарын жариялаудан бас тарт­­­­­қан жағдайда Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңдарымен бел­гiленген тәртiп бо­йынша наразылық келтiрiлуi мүмкiн. 

8. «Жанубий Қозоғистон» газе­тi редакциясының лауазымды тұл­ғалары сайлауалды науқан ба­ры­сын­да Қазақстан Республикасы Пре­­зи­дент­тiгiне кандидаттардың Қа­­­­­­­зақстан Рес­публикасы «Сайлау ту­­­­­­­­­­ралы» Конституциялық Заңының 29-бабы 1-тармағында көрсетiлген ма­­­­­­­териалдарды жария­лаудан бас­қа, ай­тылған сөздер үшiн жауап­кер­шi­лiктi мойнына алмайды. 

9. Егер сот жарияланған сайла­уалды үгiт-насихат мате­риал­да­рын Қазақстан Республикасы Пре­зиденттiгiне кандидаттың ар-на­мысына, адам­гершiлiгi мен iскерлiк қабiлетiне дақ түсiрген деп тапса, онда «Жанубий Қозоғистон» газетiнiң редакциясы таяудағы нөмiрлерiнiң бiрiнде тиiстi адамға басылым бе­тiнен сол бетке, сол көлемде жә­не сол әрiппен ар-намысын, адам­гершiлiгiн, iскерлiк қабiлетiн қор­ғау мақсатында қарсы материал жа­риялауға мүмкiндiк бередi. 

Қарсы материал жариялау жө­нiндегi өтiнiшке Қазақстан Рес­публикасы Президенттiгiне канди­даттың ар-намысына, адамгершiлiгi мен iскерлiк қабiлетiне дақ тү­сiр­гендiгi туралы сот шешiмiнiң көшiр­месi қоса тiгiлуi тиiс. 

2. Сайлауалды үгiт-насихат жұмыстарына материал ұсыну мен жариялаудың тәртiбi

10. «Жанубий Қозоғистон» га­зетiнде Қазақстан Республикасы Президенттiгiне кандидаттың сай­лауалды үгiт-насихат материал­да­рын жариялауға мына жағдайлар негiз болып табылады: 

- «Жанубий Қозоғистон» газетiнiң директор- бас редакторының атына жазылған мүдделi тұл­ға­ның тиiстi өтiнiшi. Мүдделес тұлға (бұдан әрi – Өтiнiш берушi) болып Қазақстан Рес­публикасы Президенттiгiне кан­дидаттың өкiлеттi адамы саналады:

- «Жанубий Қозоғистон» га­зе­тiмен Өтiнiш бе­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­рушi арасында жа­салған сайлауалды үгiт-на­­­­­­­­­­сихат материалдарын жариялау жөнiндегi 

(бас­­­­­­­­па­сөзден орын беру) келiсiм­шарт;

- сайлауалды үгiт-насихат мате­риал­дарын жа­риялау үшiн 100 па­йыздық төлемақы. 

11. «Жанубий Қозоғистон» газетi редакциясы өтiнiшке және жа­риялауға қабылдаған материалға тiгiлуге тиiс өтiнiш берушiнiң өкiлет­тiгiн растайтын құжаттардың көшiр­месiн жасап беруге құқылы. 

12. Сайлауалды үгiт-насихат ма­териалдарын қабылдау мерзiмi осы Ереженiң 10-тармағында көр­сетiлгендей, сайлауалды үгiт-наси­хат мате­риалдарын жариялауға негiз болып табылатын соңғы iс-әрекеттi орындау мерзiмiндегi жұмыс күнi болып табылады. 

Заңдық мониторингi қоры­тын­дысында сай­лауалды үгiт-на­си­хат материалдары Қазақстан Рес­публикасының сайлау заңды­лы­ғының талап­тарына жауап бере алмайтын болса, оны әкелген екiншi күн қабылдау күнi болып саналады («Жа­­нубий Қозоғистон» газетi редак­циясының мате­риалдарды қабылдау туралы белгiсi бойынша қателiктер жойылғаннан кейiнгi күн). 

13. Өтiнiш берушi сайлауалды үгiт-насихат материалдарын жариялау жөнiндегi өтiнiште материалды жа­риялаудың мерзiмi туралы ұсынысын («Жанубий Қозоғистон» газетiнiң шығу мерзiмiн есепке алғанда) және орналасатын орнын (газет бетiнiң жоғары, төмен бөлiгi, «Жа­­нубий Қозоғистон» газетiндегi «Қазақстан Респуб­ликасының Президент сай­лауы» тақырып­тық бөлiмiнiң бiрiншi, екiншi және т.б беттерi) көрсете алады.

Материалды жариялау мерзiмi сайлауалды үгiт материалы қабыл­дауға тапсырылған күннен 5 (бес) жұмыс күнiнен кешiктiрiлмеуi тиiс.

Талап етiлген бет алаңы «Жану­бий Қозоғистон» газетiнiң бiр шыға­рылымындағы бiр стандартты газет бетiнен жоғарыламауы тиiс. 

14. Бiрнеше Тапсырыс берушiнiң бiр күнтiз­белiк күнге және сайлау ал­дындағы үгiт материалдарын қа­былдау уақыты, сайлауалды үгiт материалын (мате­риалдарын) ұсы­ну белгiленген орны «Жанубий Қо­зоғистон» газетiнiң бiр шығары­лы­мы­на қатар келiп қалған жағдайда мұндай Тапсырыс берушiлердiң арасында жеребе тасталады. 

Жеребенiң өткiзiлетiн күнiн, уа­­қыты мен орнын «Жанубий Қо­зо­ғистон» газетiнiң редакциясы бел­гiлейдi. Сонымен қатар, же­ре­бе тастау оның әлеуеттi қаты­су­шы­ларына хабарлама жiберiлген сәттен бастап, 24 сағат өткеннен ерте бас­талмауы тиiс. 

Жеребе өтетiн күнi, уақыты және орны туралы өтiнiш берушiлер жаз­баша түрде (факспен, электронды почтамен немесе басылым алаңын ұсыну туралы келiсiмшартта көр­сетiлген мекен­жайға арнайы) ха­барлайды. 

Жеребе тастауға қатысу үшiн ха­барлан­дырыл­ған Өтiнiш берушiнiң келмей қалуы оны өз­гер­туге негiз бо­лып табылмайды. Мұндай жағ­­дай­да жеребе тастауға қатысқан Өтi­нiш бе­ру­шiлердiң арасында өте­дi. Жеребе тастауға қа­тыс­паған Өтi­нiш берушiлердiң қатысу кезегi Қа­зақстан Республикасының «Сай­лау туралы» Конституциялық За­ңының 37-бабымен реттелетiн тәр­тiпке сәйкес белгiленедi. 

Жеребеге қатыспаған Өтiнiш бе­рушiнiң сай­лауалды үгiт мате­риалдарын орналастыру рет­­тiлiгiн «Жанубий Қозоғистон» газе­тiнiң ре­дак­циясы, Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының «Сайлау ту­­­­­­­­­­­­­ралы» Конс­ти­ту­циялық заңы 37-бабының ереже­лерi есебiнен дербес анықтайды. Жеребе өткiзу кезiнде сайлауалды үгiт материалдарын (1, 2, 3 және одан ары жеребеге қатысушы Өтi­нiш берушiлердiң саны бойынша) ор­наластыру реттiлiгi анықталады. Жеребе тастау нәтижесiнде 1 нө­мiр­дi алған Өтiнiш берушiнiң сай­лау­алды үгiт материалдары оны орналастыруға тапсырыс берген ор­нына орналастырылады. Жере­беге басқа қатысушылардың сай­лауалды үгiт-насихат матери­ал­дары басқа тапсырыс беру­шi­лер­дiң материалдарынан кейiн (ма­териалдардың ор­наласу орны тi­келей орналасу орнынан кейiн ор­наласуына тапсырыс берiлген, бiрақ жеребе заты табылмаған) жеребенiң қорытындысы бо­йын­ша алған нө­мiрлiк тәртiбiмен орналасады. 

Сайлауалды үгiт-насихат ма­те­риалдарын орналастыру орнына же­ребе тастау қорытындысы даула­суға жатпайды. 

15. Сайлауалды үгiт-насихат ма­те­риалы қазақ тiлiнде (бұқаралық ақпарат құралында есепке қою ту­ралы куәлiгiнде белгiленген тiлде) бiр дана болып қағазға басылған түр­де қабылданады. 

Өтiнiш берушiнiң қалауымен сай­лауалды үгiт-насихат материалы қа­ғазға басылғанымен, бiр мезетте элек­тронды түрде («Жанубий Қозо­­­ғис­тон» газетi редакциясымен ке­­­­­­­­­­­лiсiлген электронды нұсқада) ұсы­ны­луы мүмкiн. 

Сайлауалды үгiт-насихат мате­риалында қар­жы­ландыру көзi туралы мәлiмет көрсетiлуi және Тапсырыс берушiнiң қолы қойылуы, әр бетiне виза қойылуы (егер ұсынылған баспа бетi бiр данадан асатын болса) тиiс. 

Сайлауалды үгiт-насихат мате­риалында бейне, сурет және т.б салынған болса, тиiстi нұсқада жә­не жариялауға қажеттi сапаны қам­тамасыз ете алатын («Жанубий Қо­­зоғистон» газетi редакциясымен ке­­­­­лiсiлген) тасымалдағыш нұсқада ұсы­нылады. 

16. Сайлауға байланысты қо­ғамдық пiкiрдiң сауалнамасының қорытындысы туралы ма­те­­ри­ал­дарда сауалнаманы жүргiзген ұйым, са­­­­­­­уал­­наманы жүргiзген, са­уал­намаға тапсырыс бер­­ген және ақысын төлеген тұлғалар, са­уална­ма­ның жүргiзiлген уақыты, ақ­паратты жинақтау әдiсi, сауал­на­маға қатысқандардың саны жә­не са­уалнаманың нәтижесiнiң айыр­ма­шылық коэффи­центi көрсетiлуi тиiс. 

17. «Жанубий Қозоғистон» га­зе­тiнiң кезектi шығарылымына сай­­лауалды үгiт материалдарын жа­риялауға қабылдау газеттiң сол шығарылымына басуға тапсырғанға дейiн 5 (бес) жұмыс күнi бұрын сағат 18.00 де аяқталады.

Жеребе өткiзу және «Жанубий Қо­­зоғистон» газетiнiң кезектi шы­ға­рылымына жарияланатын сай­лауалды үгiт-насихат мате­риал­да­рына арнал­ған осы Ережеде көз­делген басқа да шара­­­­­­­­­­­лар газет­тiң сол шығарылымына басуға тап­сырғанға дейiн бiр күн бұрын сағат 18.00-ге дейiн аяқталуы тиiс. 

18. «Жанубий Қозоғистон» газетi редакциясы сайлауалды үгiт-насихат материалына ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрмей заңгерлiк мониторинг жүргiзуге құқылы. 

Заңгерлiк мониторинг нәтижесiнде сайлауалды үгiт материалының Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес кел­мейтiнi анықталған жағдайда «Жанубий Қозо­ғистон» газетi редак­циясы оны жариялауды тоқтатып, ол туралы Өтiнiш берушiге (факс­пен, электронды почтамен немесе басылым алаңын ұсыну туралы келiсiм-шартта көрсетiлген мекен­жайына арнайы) Қазақстан Рес­публикасы нор­матив­тiк-құқықтық ак­тiлерiндегi нақты ережеге сiлтеме жа­сай отырып, сайлау заңнамасының бұзылғанын анықтаған мәнiн көрсете отырып хабарлама жiбередi. 

Сайлауалды үгiт материалының Қа­зақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiнi туралы «Жанубий Қо­зо­ғистон» газетi редакциясының ха­­барламасын алғаннан кейiн тап­сы­рыс берушi анықталған сәй­кессiздiктi түзетуге немесе (жазба­­ша нұсқада) сайлауалды үгiт ма­териалын (ма­териалдарын) жа­риялау туралы (то­лығымен немесе белгiлi бiр бө­лiгiн) өтiнiшiн қайтып алуға құқылы. 

19. Тапсырыс берушi сайлауалды үгiт мате­риалын (материалдарын) жариялау туралы өз өтiнiшiн (то­лығымен немесе белгiлi бiр бөлiгiн) өз бастамасы бойынша материалдың жариялау күнi белгiленгенге дейiн 2 (екi) жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей қайтарып алуға құқылы. 

20. Материалды жариялау ту­ра­лы өтiнiш қай­тарып алынған жағ­дайда «Жанубий Қозоғистон» га­зетi редакциясы Өтiнiш берушiнiң осы қайта шақыруы туралы хабар­ламасын алған сәттен бастап тоқ­татылады. 

Мұндай жағдайда сайлауалды үгiт-насихат материалына (мате­риалдарына) басылым алаңын ұсы­н­у туралы келiсiмшарт бойынша төленген ақша шақырылып алынған жарияланым бағасының  50 (елу) пайыз мөлшерiнде тұрақсыздық со­масы шегерiлiп, тапсырыс берушiге қайтарылады.   

3. Қорытынды ереже

21. Осы Ереже Өтiнiш берушiнiң та­нысуына, одан сайлауалды үгiт-насихат материалын (ма­те­ри­алдарын) жариялау туралы өтiнiш қабыл­данған кезде ұсынылып және сайлауалды үгiт-насихат материалын (материалдарын) жариялау үшiн басылым алаңын ұсыну туралы келiсiм-шарт жасалады. 

«Жанубий Қозоғистон» облыс­тық қоғамдық-са­яси газетi редак­циясы» жауапкершiлiгi шек­­­­теу­лi серiктестiгiнiң директор-бас редакто­ры­­­­­ның 2019 жылғы 3 ма­мыр №28 бұйрығына  2-қо­сым­ша

«Жанубий Қозоғистон» га­зе­тiнде 2019 жыл­­­­­­­дың 9 маусымына тағайындалған Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентiнiң кезектен тыс сай­лауын өткiзу аясында Қазақстан Рес­пуб­лика­сының Президенттiгiне кандидаттыққа тiркел­гендерге бас­пасөзден орын берудiң төлемақы мөлшерi.

1. Қазақстан Республикасы «Сай­лау туралы» Конституциялық заңы­ның 28-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттен бөлiнген қаржы есе­бiнен төленетiн сайлауалды мате­риалдар – 1 ш.см–ге  — 230 теңге.

2. Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидаттыққа тiркелгендердiң сайлаушылар қоры қаржысы есебiнен жарияланатын сайлауалды материалдар – 1 ш.см–ге  — 350 теңге.

ЕСКЕРТУ: Көрсетiлген баға Қа­зақстан Рес­публикасының Пре­зиденттiгiне кандидаттыққа тiркел­гендердiң бәрiне бiрдей қатысты болып табылады. 

 

Сайтқа жариялау – 1 аптаға – 50000 теңге.

2019-05-03, 20:12 871
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.