26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Ардақты ардагерлер қасиетті Түркістанда бас қосып, құрметке бөленді

Түркістан облысында 200 мыңға жуық зейнет жасындағы қарт пен ардагер тұрады. Оның 11-і Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 3,2 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері. Сонымен қатар 100 жастан асқан 60 қарт азамат тұрады. Оның ішінде жасы ең үлкені – Жетісай ауданының 110 жасқа толған тұрғыны Бегбаева Унгай.  

Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі кең көлемде аталып өтеді. Түркістан облысының орталығы мен аудан, қалаларда да салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, ардагерлерге құрмет көрсетілді. Өңірдің белсенді,  елге еңбегі сіңген ардагерлері Түркістанға саяхат жасап, арнайы мерекелік жиындарға қатысты. 

Алдымен облыс басшысы Дархан Сатыбалды жаңадан бой көтерген «Достық үйі» ғимаратында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажырлы еңбек сіңірген ардагерлермен жүздесіп, еркін пікір алмасты. Өңірді дамыту жұмыстары мен көрсеткіштерге тоқталып, бұл игі жетістіктерде қазыналы қарттарымыздың да үлесі мол екенін атап өтті. Бір топ ардагерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Олардың қатарында жазушы, қоғам қайраткері және мәдениет саласының ардагері, Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасынан және Облыстық ардагерлер кеңесінен, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Аналар кеңесінен, сонымен қатар аудан, қалалардан еңбек ардагерлері бар.

Кездесу салтанатты іс-шараға ұласып, қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, еңбегі еленген ардагерлерге алғыс хат табыстады. Жиын барысында бірқатар ардагер Облыстық мәслихаттың грамотасымен және «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалының алғыс хатымен марапатталды. «Ардагерлер ұйымы» республикалық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов сөз алып, ізгі лебізін білдірді. Орталық кеңестің «Құрмет белгісі» медалі мен Құрмет грамотасын, алғыс хаттарды тапсырды. Аға буын өкілдері мерекелік дастарқанда концерт тамашалады. Облыстың 150-ден астам зейнеткер мен ардагер қатысқан мерекелік шара әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласып, Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония мен «Жаңа леп» өнер ұжымы, «Самғау» би тобы өнер көрсетті.

Түркістан облысында зейнеткерлер мен қарттардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарын ашу тапсырылған. Осы аталған жоспарды іске асыру аясында мереке күні облыста 17-ші орталық ашылды. Жалпы 80 мыңға жуық зейнеткер тиісті қызметтермен қамтылуда. Түркістан қаласында осындай орталықтарға сұранысы көбеюіне байланысты шаһарда  3 орталық зейнеткерлерге қызмет көрсетуде. Бұл орталықтарда қарияларға барлық жағдай жасалған. Облыстық бюджет есебінен демалыс орындарында 8 мыңға жуық қария демалып, денсаулығын түзейді. Сол демалыс орындарының бірі – «Ардагерлер үйін» Түркістан облысына көшіріп, келесі жылы ардагерлерді қабылдау көзделіп отыр. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, 2024-10-03, 03:37 529
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 160000, Шимкент шаҳри, Тауке хан шоҳкўчаси, 6-уй, 3-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2020 йил 21 апрелда рўйхатга олиниб, KZ34VPY00022503 гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.