26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ: ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БАҚ пен әлеуметтік желілерде көтерілетін бірқатар өзекті мәселе бойынша түсініктеме береді. 

Біріншісі - жиі қойылатын сұрақтардың дені сақтандырылған адамдарға ұсынылатын медициналық қызметтердің қолжетімділігіне қатысты. 

МӘМС жүйесі енгізілгелі бері медициналық көмектің қолжетімділігі айтарлықтай өсті. Мәселен, жүйе іске қосылғанға дейін КТ және МРТ секілді қымбат зерттеулер халықтың 8 әлеуметтік осал санатына ғана қолжетімді болды. 

Қазір бұл қызметтер «сақтандырылған» мәртебесі бар кез келген азаматқа қолжетімді. 2019 жылы емханалар арқылы 201 мың КТ және МРТ қызметі көрсетілсе, 2022 жылы көрсетілген қызмет саны 1 млн 400 мыңды құрады. Яғни көрсеткіш 7 есе жоғары. 

Сол секілді ересек пациенттер алғаш рет шұғыл емдеуді қажет ететін жүрек-қан тамырлары, неврологиялық, онкологиялық, буын аурулары, жарақаттар секілді дерт түрлерінен кейін оңалту мүмкіндігіне ие болды. 

Жалпы, 253 мың ересек адам мен бала МӘМС есебінен стационарларда оңалту шараларынан өтуге мүмкіндік алды. Жыл сайын буын ауыстыру операциялары 4 мыңға көбейді. Бедеулік диагнозымен бетпе-бет келген 7000 ерлі-зайыптыға ЭКО-ны тегін алуға жол ашылды.

МӘМС арқылы көрсетілетін стоматологиялық көмек 5 есе артты. Тегін дәрі-дәрмекпен, соның ішінде сирек кездесетін орфандық ауруларға ұшыраған 3,9 миллион адам өте қымбат дәрі-дәрмекпен қамтылды. Бұрын бұл көрсеткіш 1,5 миллион адамға аз еді. 

Екіншісі - медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда МӘМС жарнасын қайтару мәселесіне қатысты. Медициналық сақтандыру қоры мұндай тәсіл халықты қаражатының бір бөлігін қайтару үшін ауырып тұрған кезде де медициналық көмекке жүгінбеуге итермелейді деп есептейді. Осының салдарынан жедел, созылмалы және әлеуметтік маңызы бар аурулар көбейіп, халықтың денсаулығы тым нашарлап кетуі мүмкін. Сонымен қатар күрделі әрі ауыр жағдайдағы ауруларды емдеуге мемлекет кепілдік береді. Бұл мемлекеттік бюджетке қосымша жүктеме түсіреді әрі тікелей салықтарды көбейтуді талап етеді. Халықаралық тәжірибеде мұндай тәсілдер қолданылмайды. 

Үшіншісі - халыққа медициналық көмек көрсетуден бас тарту мәселесіне қатысты.

''MegaMed'' медицина орталығы, 2023-05-17, 22:45 899
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.