26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Емханада пациенттердің құқығын кім қорғайды?

Кейде пациенттер дәрігер кабинетінен немесе қабылдаудан соң мәселенің байыбына жету үшін бірден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласады. Олардың басым бөлігі емхана немесе ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне (ПҚІСҚ) сұрақтарын қойып, көмек ала алатындарын білмейді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында мәлімдегендей, мұндай қызметтер меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың барлығында жұмыс істейді. 

Бұл қызмет немен айналысады?

Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі (ПҚІСҚ) медициналық көмекті ұйымдастыру мен медициналық ұйымның клиникалық қызметінеталдау жүргізіп, медициналық көмекті көрсету тәртібі мен стандарттарының бұзылуын, медициналық жағдайлар немесе медициналық қызмет көрсету нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілерін анықтап, азаматтардың өтініштерін қарайды. 

ПҚІСҚ «осында және қазір» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Ол даулы жағдайларды шешуге, пациенттердің құқығын қорғауға, қажет медициналық көмекті алуына жәрдемдеседі. Сонымен қатар, МӘМС жүйесі туралы кеңес беріп, дәрігер тағайындауына қатысты сұрақтарды түсіндіреді.

Егер сұрақ қосымша қарауды қажет етсе немесе қызмет оны шеше алмаса, азаматтар өңірлік денсаулық сақтау басқармасына немесе ӘМСҚ-ға төмендегі цифрлық сервистер арқылы жүгіне алады:

• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;

• Telegram-бот @SaqtandyryBot;

• Қордың ресми сайты: https://msqory.kz/.

Пациенттерді қолдау қызметіне қандай жағдайларда жүгінуге болады?

- Шұғыл көмек алу немесе учаскелік дәрігерге қаралу үшін сақтандырылған мәртебеңізді талап етсе;

- Учаскелік дәрігер болмағандықтан, қабылдауға кіру мүмкін болмаса (мысалы, жұмыстан шығып кеткен, ауырып қалған немесе қабылдауды тоқтатқан);

- Учаскелік дәрігер/мейірбике/фельдшер үйге шақыртуға бармаса, ал сіз осы емханаға тіркелген болсаңыз;

- Емханада бейінді маман болмаса немесе оның кеңесіне бір ай бойы жазыла алмайсыз десе;

- Медициналық көрсеткіштер бойынша тиесілі диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама ала алмасаңыз;

- Талдау нәтижелерін көрсетпесе;

- Қабылдау кезінде дәрігер дөрекілік танытса немесе өзін лайықты ұстамаса;

- Көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз;

- Қойылған диагноз немесе тағайындалған емге күмәндансаңыз;

- Дәрігер тағайындауы түсініксіз немесе тағы сұрағыңыз болса;

- МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді және жарналарды қалай төлеу керектігін білмесеңіз;

- Медициналық жазбаларыңызда қате ақпаратты немесе жалған жазбаларды анықтасаңыз;

- Жалпы медициналық ұйымның немесе қызметкерлердің жұмысына қанағаттанбасаңыз және басқа да жағдайларда жүгінуге болады.

Көптеген жағдайлар жазбаша шағым түсіруді қажет етпейді, олар қызмет мамандарының әрекетімен сол жерде шешіледі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды өз құқығын қорғауға белсенді болуға шақырады. Себебі уақытылы жүгінген кезде әділдікті қалпына келтіріп қана қоймай, жалпы денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға да ықпал етеді.

Махамаджан ДЖУМАНОВ, «Ақ Ниет Plus» ЖШС директоры, 2025-03-14, 01:31 90
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 160000, Шимкент шаҳри, Тауке хан шоҳкўчаси, 6-уй, 3-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2020 йил 21 апрелда рўйхатга олиниб, KZ34VPY00022503 гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.