26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Жеке кәсіпкердің МӘМС жүйесіне қатысу тәртібі

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалардың МӘМС жүйесіне тұрақты қатысу тәртібі, ресми түрде қызметін тоқтатқан жеке кәсіпкердің жүйеге қатысу тәртібі бойынша сұрақты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Исмаханбетов Бақыт Торғайбайұлына қойған едік.

- Жеке кәсіпкер  өзі үшін МӘМС жарнасына қанша төлейді?

- Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының (Бұдан әрі – МӘМС туралы Заң) 14-бабының 2-тармағына сәйкес, МӘМС жарнасын төлеушілерге жеке тұлғалар, оның ішінде жалдамалы жұмысшылар, азаматтық-құқықтық шарт жасасқан жұмысшылар және жеке кәсіпкерлер жатады.

МӘМС туралы Заңның 28-бабы, 3 және 5-тармақтарына сәйкес, жеке кәсіпкерлердің жарналары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,4 еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінің 5% ретінде белгіленеді. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап жеке кәсіпкер жарнасының мөлшері 5950 теңгені құрайды. (85 000*1,4) *5% = 5 950 теңге. Жеке кәсіпкер басқа әлеуметтік аударымдар мен салықтармен қатар, жарналарды есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ай сайын төлейді.

Жыл басынан бері Түркістан облысы бойынша 15,9 млрд теңге аударым жасалған болса, оның ішінде,  жеке кәсіпкер  1,3 млрд теңге көлемінде жарна төледі.

Егер салық есептерін беруді тоқтатқан немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сай әрекетсіз деп танылған жеке кәсіпкерлер МӘМС жүйесіне жарна төлемейді. Ескеретіні, жеке кәсіпкер салық есептерін беруді тоқтатпаса, оның табысының мөлшеріне қарамастан жарнаны төлейді.

Жеке кәсіпкер өзі үшін МӘМС жарнасын екінші деңгейлі банктердің кез келген бөлімшесінде, соның ішінде мобильді қосымшасы арқылы, сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ, Касса 24 және Qiwi кошелек өзіне өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы төлей алады. Төлем жасау коды (ТЖК) – 122. Жарнаны ай сайын немесе аванс ретінде, алдын ала ұзақ мерзімге төлеуге болады. Қаржының түсуін 2-3 күн ішінде міндетті түрде тексеріңіз. Себебі, төлеушінің аты-жөні немесе ЖСН, төлем сомасы қате көрсетілсе, төлем кері қайтарылуы мүмкін.

Қаржы кері қайтарылмауы үшін төлем аударушының аты-жөні мен ЖСН нөмірін дұрыс көрсету керек.Қаржы кері қайтарылғанын немесе дұрыс түскенін 2-3 күн ішінде міндетті түрде тексеру қажет. Егер қаржы кері қайтарылса, дұрыс мәлімет көрсетіп, қайтадан төлеу керек.Есептік кезеңнен кешіктірмей салық органдарына есеп әзірлеп, тапсыру қажет. Жұмыскерлерге МӘМС жарнасы аударылғаны туралы хабарлауы керек.

Егер жалдамалы жұмысшының  жеке кәсібі болса,  МӘМС жарнасын төлейді.

- Жеке кәсіпкер жұмыс беруші ретінде медициналық сақтандыруға қанша төлейді?

- Егер жеке кәсіпкердің жалдамалы қызметкер болса, онда жұмыс беруші ретінде төлемдердің уақытылы жүргізілуіне жауап береді.

Аударымдар (жұмыс беруші қаражаты есебінен) – қызметкерлердің жалақысының 3% мөлшерінде, бірақ 25 мың теңгеден аспайды.

Жарналар (қызметкердің жалақысынан) - қызметкерлердің жалақысынан 2% мөлшерінде ұсталады, бірақ 17 мың теңгеден аспайды.

Жеке кәсіпкер жұмысшылар үшін МӘМС жарнасын екінші деңгейлі банктердің кез келген бөлімшесінде, мобильді қосымшалары және «Қазпошта» арқылы төлей алады. Төлем жасау коды (ТЖК): аударымдар – 121, жарналар – 122.

-Қандай жағдайда жеке кәсіпкер жұмыс беруші ретінде төлемдерден босатылады?

-Жеке кәсіпкер жарнаны МӘМС туралы заңына және ҚР Салық кодексіне сәйкес төлейді (салық есебін беруді тоқтатқандар немесе әрекетсіз деп танылғандарынан басқалары).

МӘМС туралы заңның 28-бабы, 7 тармағына,  26-бабы, 1-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкер жұмыс беруші ретінде Қорға жарна төлеуден босатылады.

• Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектер;

• «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;

• Мүгедектігі бар адамдар;

• Орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитындар.

Ал, жеке кәсіпкер зейнеткер немесе мүгедектігі бар азамат болса, МӘМС жарнасын төлеуден толық босатылған жеңілдігі бар азаматтар санатына жатады.

-МӘМС жүйесіне аударым және жарна төлеуден бас тартқан жағдайда қандай шаралар көріледі?

- Аударымдар мен жарналарды толық есептеп, дер кезінде төлеуге бақылауды мемлекеттік кіріс органдары (салық комитеті) жүргізеді.

Егер ЖК жарна және аударым жасаудан бас тартса, онда ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 92-1 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторларға МӘМС жарналарын және аударымдарын төлемегені, кешіктіріп және толықтырмай төлегені үшін ескерту беріледі. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісіне – төленбеген, кешіктіріп және толықтырмай төлеген МӘМС жарнасының 20 пайызы мөлшерінде;

орта кәсіпкерлік субъектісіне – 30 пайыз мөлшерінде;

ірі кәсіпкерлік субъектісіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін төленбеген, кешіктіріп және толықтырмай төленген аударымдар мен жарна мөлшерінің 50 пайызы көлемінде айыппұл салынады.

Мемлекеттік кіріс органдары дер кезінде төленбеген аударымдар мен жарналарды өндіріп алады және төлем жасаушылар кешіктерген әр күн үшін (Қорға аударылған күнді қоса есептегенде) Қорға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерінде өсімпұлмен бірге төлеуі тиіс.

-Егер жеке кәсіпкерлік заңды түрде ашылғанымен табысы болмаса  жарна төлеуі қажет пе?

-Егер жеке кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға  Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, салық есебін беруді тоқтатқан немесе әрекетсіз деп танылмаған болса, онда жеке кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде МӘМС жарнасын төлеуге міндетті.

-Жеке кәсіпкерге жалдамалы жұмысшы жұмысқа орналасқанға дейін жұмыс істемейтін қандас жеңілдік санатында болған. Ол үшін жеке кәсіпкер  жарна төлеуі қажет пе?

-Егер жұмыс істемейтін қандас жеке кәсіпкерге жұмысқа тұрса, онда бұл жағдайда ол үшін МӘМС аударымдарын төлеу қажет. Себебі ол енді жұмыссыздар санатынан автоматты түрде шығып, жұмысшы деп есептеледі.

-Кейде адамдар шатасып, жарнаны қате төлеп жібереді. Мұндай кезде оны қайтарып алуға болады ма?

-Кәсіпкер аударым жасаған кезде  ЖСН мен азаматтың аты-жөнін дұрыс көрсетуі керек.  Жарнаны төлегеннен кейін міндетті түрде екі-үш  жұмыс күн ішінде қайта тексеру қажет. Егер төлем кері  қайтарылған болса, онда дұрыс ақпаратты көрсете отырып, қайта рәсімдеу қажет. Есепті кезеңнен кешіктірмей төлеген жөн. Көп жағдайда кәсіпкерлер осы жағдайларға мән бермейді. Сондай-ақ өз жұмыскерлерін МӘМС төлемінің аударылғаны туралы хабардар етуі керек.

Қате  төлемді  қайтару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы белгілеген талап бойынша өтініш жазуы қажет. Бұған төлемді растайтын құжаттарды қоса ұсынады. Тағы бір ескеретін нәрсе, қате жасалған төлемді  төленбеген кезеңдер үшін бөлуге болмайды. Әр кезең бойынша жарна өз уақытымен төленуі керек.

-МӘМС жүйесінде ағымдағы мәртебеңізді қалай білуге және қарызыңызды тексеруге болады?

-Ақпаратты, оның ішінде сақтандыру мәртебесі бойынша Қордың www.fms.kz сайтынан алуға болады немесе https://t.me/SaqtandyryBot телеграмм сілтемесі, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы. Damumed мобильді қосымшасының пайдаланушылары үшін сақтандыру мәртебесі туралы ақпарат қол жетімді.

Махамаджан ДЖУМАНОВ, «Ақ Ниет Plus» ЖШС медицина орталығы директоры., 2024-08-17, 02:33 1456
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 160000, Шимкент шаҳри, Тауке хан шоҳкўчаси, 6-уй, 3-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2020 йил 21 апрелда рўйхатга олиниб, KZ34VPY00022503 гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.