26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
МӘМС ЖҮЙЕСІ ЕКІ МӘСЕЛЕГЕ ТАП БОЛДЫ - ТӨМЕН МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫМАУ

Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бірінші кезекте азаматтардың әлеуметтік және экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы әрі қолжетімді медициналық көмектің жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігінен туындады. Денсаулық сақтауды қаржыландырудың жаңа тетігін құру және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар аудару арқылы мемлекет, жұмыс берушілер және халық арасында қаржылық жүктемені әділ бөлу көзделді.  

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстелде жүйеге қатысты өзекті мәселелерді және адамдардың не себепті МӘМС жарналарын төлегісі келмейтіндерін айтып берді. 

Бұл ретте мемлекет МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан әрбір азаматқа қолжетімді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етумен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде балалар, жүкті әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, жұмыссыздар және т. б. қорғауды өзіне қалдырды. 

Бүгінгі таңда мемлекеттік бюджеттен аударымдар 15 жеңілдік санатына кіретін 11,7 млн адамға жүргізіледі.

«Кез-келген жүйе секілді, МӘМС үздіксіз жетілдіріліп келеді және өзгеріп отыратын қажеттіліктерге бейімделуде.  Біріншіден бұл халықтың медициналық көмекке деген барлық қажеттілігін толық қамтуға және жабуға мүмкіндік бермейтін төмен сақтандыру ставкалары. Бұл ретте, сақтандырылған азаматтарға, олардың  төлеген жарналарының сомасына қарамастан МӘМС қызметтері шектеусіз көрсетілуі мүмкін. Мысалы, дербес төлеушілердің бір жылға төлеген жарнасы 42 мың теңгені құрайды, ал буынды ауыстыру операциясының құны 1,5 млрд теңгеден басталады», - деді Ілияс Мұхамеджан. 

Екіншіден оның айтуынша, азаматтардың барлығы МӘМС жүйесімен қамтылмаған. Қазір 3 млн астам адам медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр. Бұның басты себептерінің бірі - ТМККК, ол медициналық көмек түрлерінің үлкен көлемін өзіне қалдырады және халықты МӘМС жарналарын төлеуге ынталандырмайды. Жергілікті атқарушы органдардың халықты МӘМС жүйесімен қамтуды қамтамасыз етуге қызығушылығы төмен. 

Осы бағытта Қор ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен «Отбасының цифрлық картасы» бағдарламасы аясында жұмыс атқаруда.

‘’MegaMed’’ медицина орталығы, 2023-09-20, 23:49 1404
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 160000, Шимкент шаҳри, Тауке хан шоҳкўчаси, 6-уй, 3-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2020 йил 21 апрелда рўйхатга олиниб, KZ34VPY00022503 гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.