26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды

Әбілқайыр Сқақов ӘМСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ұжымына жаңа басшыны ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев таныстырды.

«Әбілқайыр Бақтыбайұлының мемлекеттік қызметте 28 жылдан астам тәжірибесі бар, оның 18 жылын бірінші басшы ретінде қызмет атқарған. Қаржы министрлігінің жүйесінде 19 жыл жұмыс істеді. Соның ішінде Салық комитеті төрағасының орынбасары және Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарды», - деп атап өтті бірінші вице-министр.

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. «Экономист және қаржыгер» (Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті), «Заңгер» (Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институты) және «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» (М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті) мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.

Әбілқайыр Сқақов 1995 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар және Қостанай облыстарының салық органдарында жұмыс істеді. 2006–2008 жылдар аралығында Павлодар облысы денсаулық сақтау департаменті директорының экономика жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2012-2016 жылдары Қаржы министрлігі жүйесінде, оның ішінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды. 2016-2019 жылдар аралығында Әбілқайыр Сқақов Қорғаныс министрінің орынбасары ретінде қаржы және экономика мәселелерін басқарды, одан кейін Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы. 2020-2022 жылдары Павлодар облысының әкімі болды.

«Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған және «Құрмет» орденінің иегері.

''MegaMed'' медицина орталығы, 2023-09-28, 00:47 1466
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 160000, Шимкент шаҳри, Тауке хан шоҳкўчаси, 6-уй, 3-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2020 йил 21 апрелда рўйхатга олиниб, KZ34VPY00022503 гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.