26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ӨМІРІҢІЗДІ САҚТАЙДЫ

«ДӘЛ ҚАЗІР ТЕКСЕРІЛ!»: СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫ ТУРАЛЫ ЖАН-ЖАҚТЫ АҚПАРАТ БЕРЕТІН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АЙЛЫҚ БАСТАЛДЫ

Онкологияның бұл түрі әйелдермен қатар, ерлерде де болады. Бірақ, әйелдерде ең көп кездесетін дерттің бірі. Өкінішке қарай, Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі өкпе және колоректальды обырдан оқ бойы озып тұр.

Әдетте, бұл дерт сүт безі тінінде киста немесе түйін түрінде пайда болады. Бұл жасушалар лимфа жүйесі немесе қан тамырлары арқылы қоршаған тіндер мен мүшелерге таралуы мүмкін. Ауруды асқындырып алған жағдайда емдеу қиынға соғады.

Маммография және самопальпация секілді медициналық тексерулер сүт безі обырын ерте анықтап, сәтті емдеу мүмкіндігін арттырады.

40 пен 70 жас аралығындағы сақтандырылған әйелдер тіркелген емханасында 2 жылда 1 рет СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ҮШІН СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУДЕН өте алады. Оған келесі тексеру түрлері кіреді:

Сүт бездеріне ультрадыбыстық зерттеу;

Мақсатты маммография (1 проекция);

Маммография (4 сурет);

Қажет болған жағдайда дәрігер қосымша тексеруге жолдама береді:

Пункциялық/стереотактикалық бақылаудағы аспирациялық биопсия;

Трепанобиопсия

Күрделілігі 3 санаттағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу;

Нәтижесі бойынша келесі дәрігерлерге жолдама беріледі:

-Акушер-гинеколог

-Рентгенолог (рентгенограмманы 2-ші мәрте қарау)

-Онколог немесе онколог-хирург

-Маммолог

Жыл сайын қазан айында ұйымдастырылатын айлық аясында еліміздің медициналық орталықтарында ашық есік күні өтеді. Онда тегін тексеруден өтіп, маммолог-дәрігерлерден кеңес алуға болады.

''MegaMed'' медицина орталығы, 2023-10-18, 20:25 1718
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 160000, Шимкент шаҳри, Тауке хан шоҳкўчаси, 6-уй, 3-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2020 йил 21 апрелда рўйхатга олиниб, KZ34VPY00022503 гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.