«Халық-life» компаниясы өмірді сақтандыру саласында 18 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әрине, бұл аралықта айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Халық та «Халық-life»-пен бірге құндылықтарға сүйене отырып, өз өмірін сақтандыруға үйреніп келеді. Сақтандыру нарығы жыл сайын сақтандырудың жаңа түрлерін енгізеді. «Халық-life» компаниясының Шымкент қаласындағы филиалының бас маманы Ақбота Әлжановамен әңгімеміз жаңа қаржылық жобалар мен сақтандыру мәдениетіне арналды.
– Суға да сұраныс барын уақыт өзі көрсетіп отыр. Әйтсе де біз кейбір қажетті дүниелерге қаражат бөле алмаймыз. Біз сапалы және бақытты өмір сүрудің орнына айналамыздағы адамдарға бақытты да бақуатты болып көрінуге тырысамыз. Яғни, біз табиғи, шынайы қалпымызды бүгіп қалып, сыртқы әлемнің көзқарасына негізделген түсінік-қабылдаумен өмір сүруге үйрендік. Бұл – біздің жауапсыздығымыздан. Яғни, қаржылық сауаттылық болмауынан туындаған білместік деуге де болады. Қаржылық жауапкершілікті өзіміз қалыптастыруға рұқсат етілген.
Дамыған ел тұрғындары табысына лайықты өмір сүреді. Тіпті бай адамдардың өздері табысын өте үнемдеп, дұрыс жұмсауды әдет еткен. Біз де соныүйренуіміз керек. Үйретуіміз керек. Біз ұсынатын жобалар осы мәселелергенегізделген. Яғни жобаның негізі мақсаты – қаржылық сауаттылық пен қаржыны үнемдеу мәселесі, біз соған баса назар аударамыз.
Биылдан бастап тұтынушыларымыз үшін «Балам» бағдарламасы енгізілді. Балалардың қызығушылықтары әртүрлі. Самокат, мопед, электронды скутер – барлық жастағы балалар ерекше қызығушылық танытатын нәрселер. Бүгінде әр отбасы баласын спорт үйірмесіне апарады.Бұл дегеніңіз баланың жарақат алып қалу мүмкіндігі өте жоғары деген сөз. Оғанбелгілі бір шығын жұмсалатыны анық. Оған барлық отбасының қаржылық мүмкіндігі келе бермейтіні де түсінікті. Кейде бір отбасыда әкесі немесе анасы бала күтімімен айналысуына байланысты жұмыс істей алмауы мүмкін.Мұндай жағдайларда қаржылық қиындыққа тап болмас үшін ата-ана компаниямен келісім-шартқа отырып, баланың өмірін сақтандырады. Осылайша сақтандыру қорына жылынанебәрі 3000 теңгеденғана төлеп отырған ата-ана баласының өмірін жылына 1 миллион теңгеге сақтандырады. Мұны бала 18 жасқа толғанға дейін жасалғастыруғаболады.
Баланың өмірін сақтандырған ата-анаға мұндай тосын жазатайым жағдайларында жарақат түріне қарай компаниядан белгілі мөлшерде өтемақы ала алады. Яғни ата-ананың бала үшін жұмсаған медициналық шығындары өтеледі. Ол үшін өтініш жазып, баланың жарақатын растайтын құжаттарды ұсынса жеткілікті. Оңай. Жедел. Тиімді.
Тағы бір айтарым, баланың өмірін (денсаулығын) сақтандыру үшін біздің компанияға келіп, шарт жасасудың қажеті жоқ. Ұялы телефоныңызға біздің компанияның қосымшасын жүктеп алып, балаңыздың өмірін смартфон арқылы онлайн қызмет арқылы-ақ сақтандыруға болады.
– Осы сақтандырудың артықшылықтарына тоқталсаңыз.
– Клиенттеріміз ұсынған құжаттардың негізінде жан-жақты тексергеннен кейін біз олардың шығындарын өтейміз. Артықшылығына келетін болсақ, қазір балалар шет елдерге жиі барады. Олар түрлі спорттық шаралармен айналысады. Абайсыздықтың кесірінен, тіпті жаңа және бейтаныс жерлерде де бала осындай келеңсіз жағдайға түсіп қалуы мүмкін. Мысалы, құлап, аяғы немесе қолы сынады, аяқ-қолы ауырады, тісін сындырады немесе жәндіктер шағып алады дегендей. Сонымен қатар, әртүрлі спорттық іс-шаралар кезінде орын алған жағымсыз оқиғалар үшін төлем осы келісімшарт арқылы жүзеге асырылады.
Шет елде, түрлі сапарларда болған келеңсіз оқиғалар үшін де ата-ананың шығыны төленеді. Келісімшарт жыл сайын жаңартылып, жылына 3000 теңге ғана төленеді.
– Ересектерге қандай бағдарлама ұсынылады?
– Олар үшін арнайы «Бәйтерек» бағдарламасы енгізілді. Оған сәйкес, 2 жастан 65 жасқа дейінгі азаматтардың өмірін сақтандыруға болады. Бұл жоба бойынша ай сайынғы сақтандырылған тұтынушы жылына кемінде 10 000 теңгеден бастап 120 000 теңгеге дейінгі сомаға сақтандырылады. Бұл ұзақ мерзімді жоба, онда қаражат жинақталады, уақыты келгенде бонустарымен клиентке қайтарылады.
Клиент оған 5, 10, 15 жылға қол қояды. Мәселен, бір тұтынушы компаниямен 5 жылға келісім-шартқа отырып, өмірін сақтандырған. Жыл сайын 120 мың теңге төлеуі тиіс. Алайда ол 2 жылдан кейін қайтыс болды делік. Қалған 3 жылдың сомасын оған компания төлейді және 5 жылдық кезеңнен кейін мұрагеріне келісімшартта көрсетілгентолық соманы бонустарымен қоса төлейді.
– Балалардың денсаулығына алаңдап, лайықты қарттыққа арналған арнайы жоба бойынша төлем жасап жатырсыз. Жасөспірімдерге, жалпы жастарға қандай бағдарламалар ұсынылады?
–Қазір ата-аналар балаларын бастауыш сыныптан баста түрлі қосымша курстарда оқытып жатыр. Көпбалалы отбасылардың көпшілігі біздің облыста тұрады.Бұл отбасылық бюджетке айтарлықтай әсер ететінін білесіздер. Түрлі үйірмелерге қатысу қыруар қаржыны талап етеді. Әсіресе ҰБТ-ға дайындық кезінде көп ақша жұмсалады. Олар үшін арнайы бағдарламамыз бар.
«Bilim Life» бағдарламасы әрбір ата-ананың перзентінің болашағына деген асқақ армандарын орындап отыр деп сеніммен айтуға болады.
Оқушы грантка тусип кетсе, букил жинаған ақшасын пайызымен, мемлекеттик сыйлықақысымен шешип алу мумкиндигі бар. Егер түлек оқуын бітіріп, грант негізінде оқуға қабылданса, ата-анасы оған жинақталған қаржыны басқа баласының құжаттарына қайта рәсімдеп, бағдарламаны әрі қарай жалғастыра алады. Мектеп түлегі грант негізінде оқуға қабылданбаса, ақылы оқу келісімшарт негізінде төленеді, яғни сақтандыру қорында жинақталған қаражат оқуға жұмсалады. Егер бала жоғары оқу орнында оқығысы келмесе, төлем азаяды - мемлекеттік сыйлықақының 5-7 пайызы ғана төленбейді.
Бұл бағдарлама жастарға шет мемлекеттерде оқуға қосымша мүмкіндік береді. Жазатайым жағдайлардан сақтандыру жағдайы туындаса – сақтанушы белгілі бір жылдан кейін төлемдерді жасағаннан кейін қайтыс болса немесе 1-ші немесе 2-ші топтағы мүгедек болып қалса, онда сақтандыру компания бала 18 жасқа толғанға дейін сақтандыру төлемдерін жүргізуді жалғастырады. Сақтандырылған адам кәмелетке толған кезде оған қаражат сыйлықақы ақшасымен беріледі.
Қор жылына 15%-ға дейін қайтарады.
- Клиенттеріңіз кімдер?
-Осындай қаржылық бағдарламаларға қаржылық сауаттылығы артқан азаматтар қатысады. Тағы бір қызығы, көп балалы отбасылар мұндай бағдарламаға белсене қатысып, қатарлары көбейіп келеді.
Ондай ата-аналар «мемлекеттен балаға бөлінген қаржыны балаға жұмсаған дұрыс» деп, баланың білім алуына ай сайын, жыл сайын белгілі бір соманы сақтандыру полисіне төлеп тұрғаны дұрыс» деп бізге жүгінеді.
– Әңгімеңізге рахмет. Біздің қоғамымызды қаржылық әлеуеті жоғары, балаларының болашағы үшін шынымен инвестиция жасап, ысырапқа жол бермей, қаражатын дұрыс бөлетін азаматтарды көріп отырмыз.
***
Саодат Абдухоликова, Түркістан қаласындағы М. Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш мұғалімі:
– 2021 жылдың желтоқсан айында «Халық-life» компаниясының «Bolashaq» бағдарламасы бойынша сақтандыруды тіркедім. Екі балама айына 40 000 теңге төлеймін (әрқайсысына 20 000 теңгеден). Балалар бұл бағдарламаға 15 жасқа толғанша қатыса алады. 2023 жылы тұрмыстық жарақат алдым. Бағдарлама арқылы маған 100 000 теңге сақтандыру төленді.
Жақында тағы да жарақат алдым. Ол үшін компания екі балама 30 000 теңгенің 60 000 теңгесін төледі. Бұл бағдарлама аясында балалардың өмірін де сақтандыруға болады. Сақтандыру нарығында банктер арасында салауатты және адал бәсекелестік орта қалыптасты деп сендім. Сонда мен осы компанияның сақтандыру агентімін. Балаларымнан бөлек, «Бәйтерек» бағдарламасы арқылы өмірімді сақтандырдым. Жылына бір рет 120 000 төлеймін.Жолдасым өмірден озды, екі баланың анасымын. Балаларымыздың болашағы үшін ақша үнемдеудің маңыздылығына сенімдімін.
***
Фариза Әліпбек, Шұбарсу ауылындағы Балтабай Нұрлібеков атындағы орта мектептің мұғалімі:
– 2020 жылы мен компанияның қызметімен таныстым. Менің 4 балам бар. Оның үшеуінің өмірін «Болашақ» бағдарламасы арқылы, ал үлкен баламның «Бәйтерек» полисімен өмірді сақтандыруымыз бар. Әр балаға ай сайын 10 мың теңгеден жалпы 40 мың теңге төлеп тұрамын.