+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
«Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директор – бас редакторының міндетін уақытша атқарушы 2026 жылғы 14 шілдедегі №38 бұйрығына №1 қосымша
ЕРЕЖЕ
2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау шеңберінде сайлауалды үгіт жүргізу үшін «Жанубий Қозоғистон» газетінде баспа алаңын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы
1. Жалпы ережелер
1. 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау шеңберінде сайлауалды үгіт жүргізу үшін «Жанубий Қозоғистон» газетінде баспа алаңын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының қолданыстағы сайлау заңнамасына сәйкес әзірленді және «Жанубий Қозоғистон» газетінде (газеттің интернет-ресурсында қатар жариялау арқылы немесе онсыз) сайлауалды үгіт материалдарын жариялау тәртібін регламенттейді.
2. Осы Ережені қолдану мақсатында сайлауалды үгіт материалдары деп сайлаушыларды Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың белгілі біріне дауыс беруге үндеуді мақсат ететін, нысаны мен атауына қарамастан кез келген материал үгіт-насихат болып танылады.
3. «Жанубий Қозоғистон» газетінде (газеттің интернет-ресурсында қатар жариялау арқылы немесе онсыз) сайлауалды үгіт материалдарын жариялау жергілікті уақыт бойынша 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18:00-ден бастап жүзеге асырылады және жергілікті уақыт бойынша 2026 жылғы 22 тамызда сағат 00:00-де аяқталады.
4. Егер сайлауалды үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттау, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдарды құру идеялары қамтылған болса, «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы оларды жариялаудан бас тартады.
5. «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы Қазақстан Республикасы Құрылтайына кандидаттардың кез келгенінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды ұсынған кез келген саяси партияның беделін түсіретін ақпаратты қамтитын материалдарды жариялаудан бас тартады.
6. «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы мынадай жағдайларда сайлауалды үгіт материалын жариялаудан бас тартады, егер:
1. онда жарияланымды қаржыландыру көздері туралы ақпарат көрсетілмесе немесе Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасында тыйым салынған қаржыландыру көзіне сілтеме жасалса;
2. материалға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына тіркелген кандидат немесе оның уәкілетті өкілі қол қоймаса, ал, материал бір беттен артық болған жағдайда оның әрбір бетіне тиісінше қол қойылып (виза қойылып) куәландырылмаса;
3. материалды орналастыруға уәкілеттігін растайтын құжаттары жоқ тұлға ұсынса;
4. сайлауалды үгіт материалында жеке тұлғаның бейнесі пайдаланылған жағдайда, сол тұлғаның, ал, ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлік құқыққа ие болған мұрагерлерінің аталған бейнені осы сайлауалды үгіт материалында пайдалануға берген жазбаша келісімі ұсынылмаса;
5. сайлауалды үгіт материалын жариялау үшін төлем осы Ережеде және «Жанубий Қозоғистон» газетінде баспа алаңын ұсыну туралы шартта белгіленген мерзімде жүргізілмесе.
7. Сайлауалды үгіт материалдарын жариялаудан бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
8. «Жанубий Қозоғситон» газетінің редакциясы мен оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 29-бабында көзделген құқықтық нормаларды бұзу белгілері бар материалдарды жариялау жағдайларын қоспағанда, заңды түрде ұсынылған сайлауалды үгіт материалдарының мазмұны үшін жауапты болмайды.
9. Егер сот жарияланған сайлауалды үгіт материалдарын Қазақстан Республикасы Құрылтайына кандидаттардың кез келгенінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін немесе 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау шеңберінде кандидат ұсынған саяси партияның беделін түсіретін материалдар деп таныса, «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы теріске шығаруды «Жанубий Қозоғистон» газетінің келесі санында бұрын жарияланған материал орналасқан бетте, сол көлемде және сол қаріппен өтеусіз жариялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Теріске шығаруды жариялау туралы өтінішке бұрын жарияланған материалдарды Қазақстан Республикасы Құрылтайына кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін немесе 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау шеңберінде кандидат ұсынған саяси партияның беделін түсіретін материалдар деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі қоса берілуге тиіс.
2. Сайлауалды үгіт материалдарын ұсыну және жариялау тәртібі
10. 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау шеңберінде «Жанубий Қозоғистон» газетінде сайлауалды үгіт материалдарын жариялауға мына жағдайлар негіз болып табылады:
1. «Жанубий Қозоғистон» газетінің директор – бас редакторының атына тиісті тұлға берген өтініш. Тиісті тұлға (бұдан әрі – Өтініш беруші) деп Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына тіркелген кандидат немесе оның уәкілетті тұлғасы, не кандидатты ұсынған саяси партияның уәкілетті өкілі танылады;
2. «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы мен Өтініш беруші (Тапсырыс беруші ретінде) арасында жасалған сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) жариялау үшін баспа алаңын ұсыну туралы шарт;
3. Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген және ұсынылған сайлауалды үгіт материалы;
4. сайлауалды үгіт материалын жариялау құнының 100 (жүз) пайыз мөлшерінде алдын-ала төленуі.
11. «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы Тапсырыс берушінің (Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына тіркелген кандидаттың немесе оның уәкілетті тұлғасының, не кандидатты ұсынған саяси партияның уәкілетті өкілінің) өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін алуға құқылы. Аталған көшірме сайлауалды үгіт материалын жариялау туралы өтінішке қоса тігіледі.
12. Сайлауалды үгіт материалы қабылданған күн болып осы Ереженің 10-тармағында көзделген жариялау негіздерінің соңғысы нақты орындалған жұмыс күні есептеледі.
Егер құқықтық мониторинг нәтижесінде сайлауалды үгіт материалының Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса, онда мұндай материалдың қабылданған күні бұзушылықтар жойылғаннан кейін «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы қабылдағаны туралы белгі қойылып, материал қайта ұсынылған күн болып есептеледі.
13. Сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) жариялау туралы өтініште Өтініш беруші «Жанубий Қозоғистон» газетінің шығу мерзімділігін ескере отырып, материалды жариялау күніне және оның баспа алаңындағы орналасу орнына (газет жолағының жоғарғы немесе төменгі бөлігі, «Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау» тақырыптық айдарының бірінші, екінші және кейінгі беттері) қатысты өз тілегін көрсетеді.
Материалды жариялау күні сайлауалды үгіт материалы қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен ерте белгіленбеуге тиіс.
Бір басылымда сұратылатын баспа алаңының көлемі «Жанубий Қозоғистон» газетінің бір стандартты газет бетінен аспауға тиіс.
14. Егер «Жанубий Қозоғистон» газетінің бір санында сайлауалды үгіт материалдарын белгілі бір орынға орналастыруға бірнеше Өтініш беруші үміткер болса, сайлауалды үгіт материалдарын жариялау туралы шартты бұрын жасасқан Өтініш берушіге басымдық беріледі.
Бір күнде шарт жасасқан Өтініш берушілер арасында жариялау күні немесе материалды орналастыру орны бойынша дау туындаған жағдайда жеребе тастау өткізіледі.
Жеребе тастаудың күні, уақыты және өткізілетін орны «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясымен айқындалады. Бұл ретте жеребе тастау оны өткізу туралы хабарлама әлеуетті қатысушыларға жіберілген сәттен бастап кемінде 24 сағат өткеннен кейін, бірақ сайлауалды үгіт материалы жарияланатын күнге дейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Жеребе тастаудың күні, уақыты және орны туралы Өтініш берушілерге жазбаша түрде (электрондық пошта, өзге де кеңінен қолданылатын электрондық байланыс құралдары арқылы немесе шартта көрсетілген мекенжай бойынша қолма-қол жеткізу арқылы) хабарланады.
Тиісті түрде хабарланған Өтініш берушінің жеребе тастауға келмеуі оны өткізуді кейінге қалдыруға немесе күшін жоюға негіз болмайды. Мұндай жағдайда жеребе тастау қатысып отырған Өтініш берушілердің өкілдері арасында өткізіледі.
Жеребе тастауға қатыспаған Өтініш берушілердің сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру кезектілігін «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы дербес айқындайды.
Жеребе тастау барысында «Жанубий Қозоғистон» газетінің белгілі бір санында (шығарылымында) сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі (жеребеге қатысушылар санына қарай 1, 2, 3 және одан әрі) белгіленеді. Жеребе нәтижесінде №1 реттік нөмірін алған Өтініш берушінің материалы оның өтінішінде көрсетілген тілектерге сәйкес орналастырылады. Қалған қатысушылардың материалдары сұратылған сандағы (шығарылымдағы) бос орындарға, ал, бос орын болмаған жағдайда «Жанубий Қозоғистон» газетінің келесі бос санында (шығарылымында) орналастырылады.
Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру орны бойынша жеребе тастау нәтижелері шағым жасауға жатпайды.
15. Сайлауалды үгіт материалы бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлікте көрсетілген тілде, бір дана, қағазға басылған түрде ұсынылады.
Өтініш берушінің қалауы бойынша сайлауалды үгіт материалы қағаз түріндегі нұсқасымен бірге «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясымен келісілген электронды нұсқада да ұсынылуы мүмкін.
Сайлауалды үгіт материалында оны қаржыландыру көздері туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс және оған Өтініш берушінің тиісті тұлғасы қол қоюға міндетті. Егер материал бір беттен артық болса, оның әрбір бетіне қол қойылып, куәландырылуға тиіс.
Сурет және өзге де графикалық элементтері бар сайлауалды үгіт материалдары жариялау кезінде тиісті сапаны қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясымен келісілген форматта және қағаз түрінде ұсынылады.
16. Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері туралы материалдарда сауалнаманы жүргізген ұйымның атауы, сауалнамаға тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғалар, сауалнама өткізілген уақыт, ақпарат жинау әдісі, қойылған сұрақтың нақты тұжырымы, сауалнамаға қатысқан адамдардың саны және нәтижелердің ықтимал қателік коэффициенті көрсетілуге тиіс.
17. «Жанубий Қозоғистон» газетінің кезекті санында сайлауалды үгіт материалдарын жариялау туралы өтініштерді қабылдау осы газет саны баспаға жіберілетін күнге дейінгі 3 (үш) жұмыс күні бұрын сағат 18:00-де аяқталады.
«Жанубий Қозоғистон» газетінің кезекті санында жарияланатын сайлауалды үгіт материалдарына қатысты осы Ережеде көзделген жеребе тастау және өзге де рәсімдер аталған газет саны баспаға жіберілетін күннің алдындағы жұмыс күні сағат 18:00-ге дейін толық аяқталуға тиіс.
18. «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт материалы ұсынылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей оған құқықтық мониторинг жүргізуге құқылы.
Егер құқықтық мониторинг нәтижесінде сайлауалды үгіт материалының Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса, «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы оның жариялануын тоқтата тұрады және бұл туралы Өтініш берушіге (электронды пошта, өзге де кеңінен қолданылатын электронды байланыс құралдары арқылы немесе шартта көрсетілген мекенжай бойынша қолма-қол жеткізу арқылы) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің нақты ережелеріне сілтеме жасай отырып, анықталған бұзушылықтардың мәні көрсетілген дәлелді хабарлама жолдайды.
«Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясынан сайлауалды үгіт материалының Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіні туралы хабарлама алғаннан кейін Өтініш беруші анықталған бұзушылықтарды жоюға немесе сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) жариялау туралы өтінішін толық немесе белгілі бір бөлігінде жазбаша түрде кері қайтарып алуға құқылы.
19. Өтініш беруші өз бастамасы бойынша сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) жариялау туралы өтінішін толық немесе белгілі бір бөлігінде материалды жариялаудың белгіленген күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде кері қайтарып алуға құқылы.
20. Сайлауалды үгіт материалын жариялау туралы өтініш кері қайтарылған жағдайда, «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы мен Өтініш беруші арасында жасалған сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) жариялау үшін баспа алаңын ұсыну туралы шарт жарияланым кері қайтарылған бөлігінде «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы Өтініш берушінің тиісті хабарламасын алған сәттен бастап тоқтатылады.
Бұл ретте сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) жариялау үшін баспа алаңын ұсыну туралы шарт бойынша төленген қаражат жарияланымы кері қайтарылған бөліктің құнының 10 (он) пайызы мөлшеріндегі тұрақсыздық айыбы ұсталып қалып, қалған бөлігі Өтініш берушіге қайтарылады.
3. Қорытынды ережелер
21. Осы Ереже Өтініш берушілерге сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) жариялау туралы өтінішті қабылдау кезінде және сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) жариялау үшін баспа алаңын ұсыну туралы шарт жасасу барысында міндетті түрде танысу үшін ұсынылуға тиіс.
«Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директор – бас редакторының міндетін уақытша атқарушы 2026 жылғы 14 шілдедегі №38 бұйрығына №2 қосымша
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау шеңберінде сайлауалды үгіт жүргізу үшін «Жанубий Қозоғистон» газетінде баспа алаңын ұсынғаны үшін төлем мөлшерлері
1. «Жанубий Қозоғистон» газетінің баспа нұсқасында орналастырылатын сайлауалды үгіт материалдары олардың орналасу орнына қарай мынадай мөлшерде төленеді:
|
Орналастыру орны |
Төлем мөлшері |
|
Бірінші және екінші беттер |
1 шаршы сантиметр үшін – 700 теңге |
|
Соңғы бет (түрлі түсті) |
1 шаршы сантиметр үшін – 350 теңге |
|
Ішкі беттер (ақ-қара) |
1 шаршы сантиметр үшін – 300 теңге |
2. «Жанубий Қозоғистон» газетінің интернет-ресурсында орналастырылатын сайлауалды үгіт материалдары үшін төмендегі қызметтер бойынша қосымша ақы алынады.
Ескерту:
Осы төлем мөлшерлері 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлау шеңберінде барлық Өтініш берушілер үшін бірыңғай болып табылады.
«Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директор – бас редакторының міндетін уақытша атқарушы 2026 жылғы 14 шілдедегі №38 бұйрығына №3 қосымша
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын жариялау туралы шарттың үлгілік нысаны
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлау шеңберінде сайлауалды үгіт жүргізу үшін «Жанубий Қозоғистон» газетінде баспа алаңын ұсыну туралы
ҮЛГІЛІК ШАРТ
____________ қаласы 2026 жылғы «___» __________
Редакция: «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директор – бас редакторы м.у.а ___Муратжан Абубакиров__________ (лауазымы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері) атынан, Жарғы және лауазымдық өкілеттіктер негізінде әрекет ететін, бір тараптан,
және
Тапсырыс беруші: ________________________________________________, уәкілетті өкілі ________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі) атынан, ________________________________________________ (өкілеттігін растайтын құжаттың толық деректемелері) негізінде әрекет ететін, екінші тараптан,
бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатындар, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
1. Шарттың мәні
Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын жариялауды тапсырады, ал, Редакция осы Шартта белгіленген тәртіппен, талаптармен және мерзімдерде аталған материалдарды «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінде (газеттің интернет-ресурсында қатар жариялау арқылы немесе онсыз) орналастыруға міндеттенеді.
2. Жалпы ережелер
Осы Шарттың талаптары «Жанубий Қозоғистон» газетінде 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау шеңберінде сайлауалды үгіт жүргізу үшін баспа алаңын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес орындалады.
Аталған Ереже «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директор – бас редакторының міндетін уақытша атқарушы 2026 жылғы 13 шілдедегі №38 бұйрығымен бекітілген.
3. Материалдарды орналастыру талаптары
3.1. Тапсырыс беруші осы Шарт аясында жариялау үшін ұсынылатын сайлауалды үгіт материалдарының (бұдан әрі – Материалдар) мазмұнын дербес айқындайды.
3.2. Материалдар Тапсырыс беруші тарапынан қағаз түрінде және Редакциямен келісілген электронды нұсқада ұсынылады.
Тапсырыс берушінің жазбаша талабы бойынша ұсынылған Материалдарды орналастыру макеті баспаға жіберілгенге дейін Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі қол қою арқылы келісуге жатады.
3.3. Тапсырыс беруші осы Шарт шеңберінде Редакцияға ұсынылған материалдардың мазмұны үшін өз атынан және өз қаражаты есебінен толық жауапты болады.
3.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынған мазмұндағы немесе нысандағы сайлауалды үгіт материалдары жариялауға қабылданбайды.
3.5. Материалдар Тапсырыс беруші алдын-ала ақы төлеген және брондалған газет алаңы шегінде орналастырылады.
Тапсырыс беруші осы Материал жариялануға тиіс газет саны жарыққа шығатын күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын Редакцияны хабардар ету арқылы брондалған газет алаңының көлемін азайтуға құқылы.
4. ЖАРИЯЛАУ КӨЛЕМІ, МЕРЗІМДЕРІ, ҚҰНЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
4.1. Осы Шарт шеңберінде Тапсырыс берушіге ұсынылатын газет алаңының көлемі _______ (_______________) шаршы сантиметрді құрайды.
Берілетін газет алаңын және Тапсырыс берушінің өтінішін ескере отырып, Материалдарды орналастыру орны, сондай-ақ жариялау күні Ережеге сәйкес айқындалады.
Тапсырыс берушінің өтініші бойынша оған Материалдарды орналастыру орнының брондалғаны және жариялау күні туралы жазбаша растау беріледі.
4.2. Осы Шарт шеңберінде Материалдарды жариялау құны 4.1-тармақта белгіленген газет алаңының көлемін ескере отырып, ________ (_____________) теңгені құрайды.
4.3. Осы Шарт шеңберінде Материалдарды жариялау құнын төлеу Тапсырыс беруші тарапынан ___________________________ сайлау қорының (қордың атауы) арнайы уақытша шотындағы қаражат есебінен __________________ (аудару арқылы, қолма-қол ақшамен) осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) банктік күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
5. АРНАЙЫ ТАЛАПТАР
5.1. Тапсырыс беруші осы Шартты жасасу, төлеу және оның талаптарын орындау мақсатында Редакцияға ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін толық жауапты болады.
5.2. Осы Шартты жасасу Тараптардың бірінің үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелері бойынша екінші Тараптың жауапкершілігін көздемейді.
5.3. Шарт талаптарын тұжырымдау кезінде Тараптардың іс-әрекеттеріне қатысты міндеттемелерге арнайы сілтеме жасалғанына немесе жасалмағанына қарамастан, Шарт Тараптарының (Редакция мен Тапсырыс берушінің) міндеттемелері осы Шарттың ережелерінен тікелей туындайды.
6. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ТӘРТІБІ
6.1. Осы Шарт оған екі Тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және онда көзделген міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданылады.
6.2. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар екі Тараптың жазбаша келісімі бойынша енгізіледі.
6.3. Осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға екі Тараптың өзара келісімі бойынша жол беріледі.
6.4. Осы Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
6.5. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шарт бірдей заңды күші бар екі баспа данасында жасалды (бір данасы – Редакцияға, бір данасы – Тапсырыс берушіге) және екі Тараптың қол қоюы арқылы, ешқандай өзгерістер мен алып тастауларсыз, әрбір бетіне қол қойылып куәландырылды.
Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы осы Шарт мәтінін, сондай-ақ оның қосымшаларын (толық немесе ішінара) басқа тілге (тілдерге) аудару туралы талап қойған жоқ.
Шартқа кейіннен қосылатын барлық қосымшалар, сондай-ақ осы Шарт шеңберінде Тараптар алмасатын хат-хабарлар мен өзге де құжаттар, егер Тараптардың бірі өзгеше талап қоймаған жағдайда, аудармасыз орыс тілінде жүргізіледі.
ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Редакция: «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БАНКТІК ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
ЖСК (ИИК): KZ18998STB0000837814
БСК (БИК): TSESKZKA, код 17
БСН (БИН): 030440004795
E-mail: janubiy@inbox.ru
Телефон: 8-701+619-50-38
Тапсырыс беруші: ___________________________________________
Заңды мекенжайы: …………………………………………………….
БСН: ……………………
ЖСК: ………………
БСК: …………………………………
E-mail: ……………………...
Телефон: ………………………
ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:
РЕДАКЦИЯ АТЫНАН:
лауазымы қолы тегі, аты-жөнінің бас әріптері
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:
қолы тегі, аты-жөнінің бас әріптері
* * *
«Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
директоры – бас редакторының міндетін уақытша атқарушының
2026 жылғы 14 шілдедегі №38 бұйрығына №4 қосымша
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың сайлауалды материалдарын жариялау туралы шарттың үлгілік нысаны
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы аясында сайлауалды үгіт жүргізу үшін «Жанубий Қозоғистон» газетінде баспа алаңын ұсыну туралы үлгілік шарт
________ қаласы __________ 2026 жыл
1-нұсқа
(тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидат болған жағдайда)
Редакция: «Жанубий Қозоғистон » облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ______________________ (лауазымы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері) атынан, Жарғы және лауазымдық өкілеттіктер негізінде әрекет ететін, бір тараптан,
және Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі), Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде тіркелгені туралы №_____ куәлік ____________________________ (қашан және қай орган бергені) берген, өз еркімен және еркін ерік білдіру негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, екінші тараптан,
бірлесіп «Тараптар» деп аталып, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
2-нұсқа
(тапсырыс беруші – кандидаттың уәкілетті өкілі болған жағдайда)
Редакция: «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ______________________ (лауазымы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері) атынан, Жарғы және лауазымдық өкілеттіктер негізінде әрекет ететін, бір тараптан,
және Құрылтай депутаттығына кандидат ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі), Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде тіркелгені туралы №_____ куәлік ____________________________ (қашан және қай орган бергені) берген, кандидаттың уәкілетті өкілі ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі) арқылы, ____________________________ (өкілеттігін растайтын құжаттың толық деректемелері) негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, екінші тараптан,
бірлесіп «Тараптар» деп аталып, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
Тапсырыс беруші өзін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидат ретінде қолдау мақсатындағы сайлауалды үгіт материалдарын жариялауды тапсырады, ал Редакция осы материалдарды «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінде (газеттің интернет-ресурсында қайталанып жариялануы мүмкін немесе онсыз) осы Шартта белгіленген тәртіппен, талаптармен және мерзімдерде орналастыруға міндеттенеді.
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Шарттың талаптарын орындау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы аясында сайлауалды үгіт жүргізу үшін «Жанубий Қозоғистон» газетінде баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған Ереже «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» ЖШС директор – бас редакторының 2026 жылғы 14 шілдедегі №38 бұйрығымен бекітілген.
3. МАТЕРИАЛДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ
3.1. Тапсырыс беруші осы Шарт шеңберінде жариялауға ұсынылатын сайлауалды үгіт материалдарының (бұдан әрі – Материалдар) мазмұнын дербес айқындайды.
3.2. Материалдар Тапсырыс беруші тарапынан қағаз түрінде және Редакциямен келісілген электрондық тасымалдағыштарда ұсынылады.
Тапсырыс берушінің жазбаша талабы бойынша жарияланатын материалдардың беттелген нұсқасы баспаға жіберілгенге дейін Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілімен келісіліп, бекітілуге тиіс.
3.3. Осы Шарт аясында Редакцияға ұсынылған материалдардың мазмұны үшін жауапкершілікті Тапсырыс беруші өз атынан және өз қаражаты есебінен толық көлемде көтереді.
3.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынған мазмұндағы немесе нысандағы сайлауалды үгіт материалдары жариялауға қабылданбайды.
3.5. Материалдар Тапсырыс беруші алдын ала төлеген газет алаңы көлемінде орналастырылады.
Тапсырыс беруші резервтелген газет алаңының көлемін азайта алады, бұл туралы Редакцияны материал жариялануы жоспарланған газет нөмірі шығатын күннен кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.
4. ЖАРИЯЛАНЫМ КӨЛЕМІ, МЕРЗІМІ, ҚҰНЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
4.1. Осы Шарт шеңберінде Тапсырыс берушіге ұсынылатын газет алаңының көлемі _______ (________________) шаршы сантиметрді құрайды.
Материалдардың орналастырылатын орны, берілетін газет алаңының көлемі мен Тапсырыс берушінің өтініші ескеріле отырып, сондай-ақ жариялану күні Ережеге сәйкес айқындалады.
Тапсырыс берушінің өтініші бойынша оған материалдардың жарияланатын орны мен күні резервтелгені туралы жазбаша растау беріледі.
4.2. Осы Шарт бойынша жарияланатын Материалдардың құны, 4.1-тармақта көрсетілген газет алаңының көлемін ескере отырып, ________ (_____________) теңгені құрайды.
4.3. Осы Шарт бойынша Материалдарды жариялау құны Тапсырыс беруші тарапынан ____________________ (қордың атауы) сайлау қорының арнайы уақытша шотындағы қаражат есебінен ____________________ (банк арқылы аудару немесе қолма-қол төлеу) тәсілімен, осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) банктік күннен кешіктірілмей төленеді.
5. ЕРЕКШЕ ТАЛАПТАР
5.1. Тапсырыс беруші осы Шартты жасасу, оның құнын төлеу және талаптарын орындау мақсатында Редакцияға ұсынған мәліметтердің дұрыстығы үшін толық жауапты болады.
5.2. Осы Шартты жасасу Тараптардың бірінің үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелері бойынша екінші Тараптың жауапкершілігін көздемейді.
5.3. Шарт Тараптарының (Редакция мен Тапсырыс берушінің) міндеттемелері осы Шарттың ережелерінен тікелей туындайды және Шартта белгілі бір әрекетті орындау кезінде сол міндеттемеге арнайы сілтеме жасалуына немесе жасалмауына қарамастан қолданылады.
6. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ТӘРТІБІ
6.1. Осы Шарт оған екі Тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және онда көзделген барлық міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданылады.
6.2. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар екі Тараптың жазбаша келісімі бойынша енгізіледі.
6.3. Осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға екі Тараптың өзара келісімі бойынша жол беріледі.
6.4. Осы Шартқа байланысты туындайтын даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
6.5. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шарт қазақ тілінде бірдей заңды күші бар екі түпнұсқа данада (бір данасы – Редакцияға, бір данасы – Тапсырыс берушіге) жасалды және әрбір бетіне виза қойылып, ешқандай өзгерістерсіз және алып тастауларсыз екі Тарап қол қойды.
Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы осы Шарттың немесе оның қосымшаларының (толықтай немесе ішінара) мәтінін басқа тілге (тілдерге) аудару туралы талап қойған жоқ.
Осы Шартқа кейіннен жасалатын барлық қосымшалар, сондай-ақ Тараптар осы Шарт аясында алмасатын хат-хабарлар мен өзге де құжаттар, егер Тараптардың бірі өзгеше талап қоймаса, қазақ тілінде жүргізіледі.
ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Редакция:
**«Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БАНКТІК ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
ЖСК (ИИК): KZ18998STB0000837814
БСК (БИК): TSESKZKA, код 17
БСН (БИН): 030440004795
«Alatau City Bank» АО
E-mail: janubiy@inbox.ru
Телефон: 8-7016195038
1-нұсқа
(Тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат болған жағдайда)
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:
____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________ (жеке басын куәландыратын құжаттың атауы)
____________________________________ (құжаттың нөмірі, берілген күні, қандай орган берген)
E-mail: ______________________
Телефон: _____________________
2-нұсқа
(Тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттың уәкілетті өкілі болған жағдайда)
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттың уәкілетті өкілі
____________________________________ (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________ (өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________ (өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың атауы)
____________________________________ (өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және берген орган)
____________________________________ (өкілеттігін растайтын құжаттың толық деректемелері)
ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ
РЕДАКЦИЯ АТЫНАН:
лауазымы | қолы | тегі, аты-жөнінің бас әріптері
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:
қолы | тегі, аты-жөнінің бас әріптері
-
2026-07-17, 21:27
Президент Си Цзиньпин билан музокаралар ўтказди 60
-
2026-07-17, 21:23
Қасим-Жўмарт Тўқаев: Рақамли логистика ва транспорт даҳлизларини ривожлантириш зарур 17
-
2026-07-17, 21:22
Комбинатдан кластерга қадам 12
-
2026-07-16, 00:01
Ўқувчилар мактаб лигаси ғолиби 75
-
2026-07-16, 00:00
Имкониятлар ва кашфиётлар фасли 63
-
2026-07-15, 23:58
Сайлов комиссиялари учун семинарлар ўтмоқда 94
-
2026-07-15, 23:57
Меъморий лойиҳалар кенгашда муҳокама қилинди 78
-
2026-07-15, 23:55
Халқ Кенгашининг илк сессиясига тайёргарлик масалалари муҳокама қилинди 113
-
2026-07-13, 23:35
Янги конституция – адолатпарвар Қозоғистоннинг ҳуқуқий пойдевори 244
-
2026-07-13, 23:34
Вилоят мамлакатда биринчилардан ҳосил йиғим-теримини якунламоқда 79
-
2026-07-13, 22:50
Хонтоғида янги футбол майдончаси 110
-
2026-07-13, 22:49
Битирувчилар катта ҳаётга кузатилди 88
-
2026-07-13, 22:48
Давлат раҳбари агросаноат мажмуасини ривожлантириш вазифаларини белгилади 114
-
2026-07-13, 22:45
Сув хўжалиги ходимларига эҳтиром кўрсатилди 57
-
2026-07-10, 21:52
Замонавий қиёфада қайта барпо этилган божхона бекати бу йил фойдаланишга топширилади 114
-
2026-07-17, 22:35
Қурултой сайлови-2026 33
-
2026-07-17, 21:27
Президент Си Цзиньпин билан музокаралар ўтказди 60
-
2026-07-15, 23:58
Сайлов комиссиялари учун семинарлар ўтмоқда 94
-
2026-07-15, 23:57
Меъморий лойиҳалар кенгашда муҳокама қилинди 78
-
2026-07-15, 23:55
Халқ Кенгашининг илк сессиясига тайёргарлик масалалари муҳокама қилинди 113
-
2026-07-13, 23:34
Вилоят мамлакатда биринчилардан ҳосил йиғим-теримини якунламоқда 79
-
2026-07-13, 22:45
Сув хўжалиги ходимларига эҳтиром кўрсатилди 57
-
2026-07-10, 21:46
АҚШ билан стратегик ҳамкорлик мустаҳкамланмоқда 85
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2020 йил 21 апрелда рўйхатга олиниб, KZ34VPY00022503 гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.

