26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
МӘМС – сапалы медициналық көмектің кепілі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгеніне биыл алты жыл толды. Осы уақыт ішінде денсаулық сақтау саласында ауқымды өзгерістер жүзеге асып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы айтарлықтай жақсарды.

2026 жылдың алғашқы алты айында Түркістан облыстық филиалының атқарған жұмыстары, МӘМС жүйесіндегі негізгі өзгерістер, сақтандырылмаған азаматтардың мәселесі және алдағы жоспарлар туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовпен сұхбаттастық.

– Қазір Түркістан облысында МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған қанша адам бар?

– Бүгінде Түркістан облысында медициналық ұйымдарға 2085921 тұрғын тіркелген. Оның ішінде 1779672 адам немесе 85,3 пайызы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Ал 306249 тұрғын (14,7%) сақтандырылмаған. Олардың 247945-і немесе 80 пайызы ауылда тұрады.

2024 жылдың қаңтар айында МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар саны 410950 адамды құраса, 2026 жылдың маусымында бұл көрсеткіш 302631 адамға дейін төмендеді. Яғни, сақтандырылмаған азаматтар саны 26,4%-ға, немесе 108 319 адамға азайды.

2024–2026 жылдардағы көрсеткіштерге жүргізілген талдау әр жылдың қаңтар және шілде айларында сақтандырылмаған азаматтар саны көбейетінін көрсетті. Бұған бір неше себеп бар. Атап айтқанда, жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және азаматтық-құқықтық шартпен жұмыс істейтін тұлғалардың алты айға алдын ала төлеген МӘМС жарналарының мерзімі осы кезеңде аяқталады.

Облыста мыңнан астам білім беру ұйымында 80 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Талдау барысында кейбір білім беру ұйымдарында ұзақ мерзімді еңбек демалысы кезеңінде қызметкерлер үшін МӘМС жарналары ай сайын емес, уақытылы төленбейтіні анықталды. Соның салдарынан көптеген педагог пен қызметкер сақтандырылған мәртебесінен айырылып отыр.

Сонымен қатар жұмыс берушілердің қызметкерлер туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерге уақытында енгізбеуі де сақтандыру мәртебесінің өз уақытында жаңартылмауына әсер етеді. Құзырлы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер де тұрақты түрде жаңартылып отырмаса, азаматтың МӘМС мәртебесі тоқтатылуы мүмкін.

– Биылдан бастап МӘМС жүйесінде қандай маңызды өзгерістер енгізілді?

– 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, жергілікті бюджет есебінен азаматтардың жаңа санаттары үшін медициналық сақтандыру жарналары төлене бастады.

Жаңа өзгерістер екі санаттағы азаматтарды қамтиды. Біріншісі – жұмыспен қамту орталықтарында ресми жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар. Екіншісі – әлеуметтік әл-ауқатының дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейіне жататын, жұмыс істемейтін әрі соңғы үш ай ішінде міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған азаматтар. Бұл – бұрын мемлекет есебінен сақтандырылмай келген, бірақ әлеуметтік қолдауды қажет ететін жаңа санат.

– Биыл Қормен қанша медициналық ұйым келісім шарт жасасты? Бұл өткен жылмен салыстырғанда өзгерді ме?

– Биыл Түркістан облысында 186 медициналық ұйыммен медициналық қызмет көрсету жөнінде келісім шарт жасалды. Оның ішінде мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдар бар.

Өткен жылы Қормен 196 медициналық ұйым жұмыс істеген болса, биыл олардың саны 186-ға дейін қысқарды.

– Ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына көрсетілетін медициналық көмек қалай қаржыландырылады?

– Ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына медициналық көмек Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырылады.

2026 жылы Түркістан облысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге 60 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның басым бөлігі ауылдық жерлердегі емханалар мен дәрігерлік амбулаториялардың қызметін қаржыландыруға бағытталды.

Қазіргі таңда облыста 1,6 миллионнан астам ауыл тұрғыны алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына тіркелген. Сонымен қатар 247500 мектеп оқушысы профилактикалық медициналық тексерулерден өтіп, қажет болған жағдайда бейінді мамандардың қабылдауына жіберіледі.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Сайрам, Сарыағаш, Жетісай және Ордабасы аудандық ауруханалары көпбейінді орталық аудандық ауруханалар деңгейіне көтерілді.

Соның нәтижесінде бұрын тек облыс орталығында көрсетілген бір қатар жоғары технологиялық медициналық қызметтер бүгінде аудан тұрғындары үшін де қолжетімді болды. Бұл әсіресе шалғай ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмекті өз өңірінде алуға мүмкіндік беріп отыр.

Аталған ауруханалар кезең-кезеңімен заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуде. 

М. ДЖУМАНОВ, ЖШС «Ақ Ниет Plus» медицина орталығы директоры., 2026-07-30, 23:53 11
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 160000, Шимкент шаҳри, Тауке хан шоҳкўчаси, 6-уй, 3-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2020 йил 21 апрелда рўйхатга олиниб, KZ34VPY00022503 гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.