26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
ЕКПЕ АЛУДАН БАС ТАРТУ – ЕМНЕН БАС ТАРТУ

Екпе алудан бас тарту жағдайларының белсенді өсуіне сай, екпе алмаған балалар саны көбеюде. Тек қана  кітапта  ғана айтылатын инфекциялар қайтадан өзекті бола бастады. Соның бірі - өте қауіпті инфекциялық ауру қызылша.

Қызылша  – жоғары жұғушылықпен сипатталатын кең таралған, жедел вирусты инфекция. Ол әлем бойынша ерте жастағы балалардағы аурушаңдылық пен өлімнің негізі себебі болып табылады. 5 жасқа дейінгі иммунды тапшылығы бар және тамақтануы бұзылған  30%  балаларда жиі асқынумен жүреді. 

 Еуропада 2018 жылы  2017 жылмен салыстырғанда аурушаңдылық 3 есе жоғарылаған.  Статистикалық мәліметтерге сүйенсек ҚР 2018 ж 100 мың халыққа 3,2 құраса, ал 2019 жылы  қызылшамен ауру бірден 22 есеге жоғарылап 100 мың халыққа 71,8 құраған.  Сонымен қатар, 2022 жылы Түркістан облысында да қызылша ауруының тіркелуі жиілеуде. Мұның басты себебі болып балалардың инфекциялық ауруларға қарсы екпені алудан бас тартуы саналады.

2023 жылы тек қызылша инфекциялық ауруы ғана емес, сонымен қатар жедел гепатит А инфекциялық ауруы да жиі тіркелуде. 2023 жылдың  өзінде жедел вирусты гепатит А диагнозымен Сайрам ауданы Қарабұлақ ауруханасында  5 бала ауырды.

Жалпы ата-аналардың екпеге деген дұрыс емес көзқарасы балаларында инфекциялық аурулардың ауыр өтуіне әкелуде. Қызылша инфекциялық ауруы екпе алмаған балаларда ауыр асқынуларға және летальді жағдайға  (өлім) дейін жеткізуде.

Ауыр асқыныстары болып: 

•     Тыныс алу жолдарында (пневмония, ларингит, ларинготрахеит, бронхит, бронхиолит, плеврит);

•     Асқорыту жүйесінде (стоматит, терең немесе жайылған ауыз қуысының жаралары, энтерит, колит);

•     Жүйке жүйесінде (энцефалит, менингоэнцефалит, миелит);

•     Көру органдарында (конъюнктивит, кератит, блефарит, кератоконъюнктивит);

•     Есту органдарында (отит, мастоидит);

•     Зәр шығару жүйесінде  (цистит, пиелонефрит);

•     Тері  (пиодермия, абсцесс, флегмона) есептеледі.

Осындай жағдайды ескере отырып, балалар инфекционист дәрігері ретінде  ата-аналарды балаларына  екпе алуға шақырамын. Екпе сіздің балаңызды ауыр асқыныстар мен летальді жағдайдан (өлім) сақтайды. Екпе алмаған балалар және қызылша инфекциясымен ауырмаған балалар, қызылшамен ауырған адаммен контактіде болса, олар мектепке немесе балабақшаға 17 тәулік кіргізілмейді. 

Ал екпе алған балаларда ауру өте жеңіл дәрежеде өтеді немесе мүлдем бала қызылшамен  ауырмайды. 

 

Сейілхан Айдана Асылханқызы, «Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханасының дәрігері, жұқпалы аурулар жөніндегі маман., 2023-05-20, 04:00 893
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.