26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Шетелде оқитын студентте МӘМС жүйесіндегі қызметті алады

МӘМС жүйесіндегі жеңілдік санаттардың бірі – студент. Соңғы уақытта студенттердің МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қатысты көптеген мәселелер туындап жатыр. Осы ретте, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ директоры Бақыт Исмаханбетов студенттерді мазалаған сұрақтарға жауап берді.

-Студент МӘМС жүйесінде қандай мәртебеге ие?

-МӘМС жүйесінде орта, техникалықжәнекәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитындар жеңілдік санатына кіре алады. Олар үшін оқу кезеңінде мемлекет МӘМС жарналарын төлейді.

-Күндізгі бөлімде оқитын студент медициналық қызметтерді алу қажет. Алайда, оның жүйедегі мәртебесі сақтандырылмаған болып шықты. Мұндайжағдайда не істеу керек?

-Студент оқу барысында сақтандыру мәртебесі сақталуы үшін өзінің оқу орнына жүгініп, деректерін ЖООБЖ (Жоғары оқу орындарының бірыңғай жүйесі) жүйесінде бар-жоғын тексеру қажет. Студенттер туралы мәліметтер Қорға осы жүйе арқылы түседі. Бұл мәселемен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне де жүгінуге болады.

Бұл сұрақ шешімін тапқанша, студентке Қор уақытша бір айға сақтандырылған мәртебесін бере алады. Ол үшін Qoldau 24/7 қосымшасын жүктеп, оқу орнынан анықтаманы қосып, мәртебе беру туралы өтінім қалдыру қажет.

-Студент жеңілдік мәртебесін қашан жоғалтады және қалай сақтауға болады?

-Студент оқуды аяқтаған соң, жұмысқа орналаспаса не болмаса оқуды ары қарай жалғастырмаса онда жүйеден шығады. Егер жұмысқа орналасса, онда ол үшін жұмыс беруші аударым және жарнаны тұрақты ай сайын жүргізеді. Ал, ешқандай санатқа кірмейтін болса, МӘМС жүйесіндегі мәртебені тұрақты сақтауы үшін 2024 жылы 1 МЗП-ның 5%-ын, яғни, 4250 теңгені ай сайын тұрақты төлеуіне болады.

-Жалпы, студенттің МӘМС жүйесіндегі мәртебеге қатысты бірнеше сұрақтар туындап жатады. Осыған байланысты студенттерге арнайы кеңес беру шаралары ұйымдастырылып жатыр ма?

- Әрине. Қор басқармасы тарапынан жоғары және арнаулы, орта білім беру ұйымдарында оқитын студенттер арасында МӘМС жүйесі жайлы кеңес беруге байланысты бекітілген жоспар бойынша Қордың Түркістан облысындағы филиалы халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі 2 жоғары оқу орнымен және 7 колледждегі студенттермен кездесіп, МӘМС жүйесі бойынша кеңес берді. Кездесуге 283 студент қамтылды.

Кездесу барысында қойылған сұрақтардың бірі – студент академиялық демалысқа жүкті болуына байланысты шықты. Бұл жағдайда студент жеңілдік мәртебісін сақтап қалуына болады ма? Әлбетте, ол тек жеңілдік санаттан екіншісіне  өтті. Сонымен қатар, студент оқумен қатар жұмыс істеп, жеке кәсіппен айналысуы мүмкін. Бұл екі жағдайда студент жүйеге қатысты төлемдерден босатылады. 

-Жұмыс беруші студент қызметкері үшін МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуі керек пе?

-Жоқ, жұмыс беруші студенттер үшін жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылады. Олар оқу орнын тәмәмдағанға дейін автоматты түрде сақтандырылады. Айта кету керек, студент жеке кәсіпкер немесе жалдамалы жұмысшы болса да, олардың жеңілдік санаты сақталады.

-Шет елде оқитын студент мемлекет есебінен сақтандырылуы мүмкін бе?

-Иә, олүшін Egov порталындағы «шетелде оқитын студенттерді тіркеу» мемлекеттік қызметін пайдалану қажет. Содан кейін, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өтінімді қарап, тіркегенсоң, студенттер МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылады.

Егер мәртебе берілмесе, ҚР Білім және ғылым министрлігінің халықаралық департаментіне хабарласу қажет. Оқу үрдісінің әр семестрінен кейін өз оқуын растап отыру маңызды.

-Жұмыс беруші студент қызметкер үшін жарналар мен аударымдарды төлеп келді. Жарналарды қайтаруға боладыма?

-Иә, жұмыс беруші ҚР ДСМ 2017ж. 30 маусымдағы №478 бұйрыққа сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазу қажет.

-Жұмыс берушіге қызметкері оқуын аяқтаса да, студент ретінде жеңілдік санаты бар деп МӘМС төлемдері қайтарылып жатыр. Бұл қатені қалай түзетуге болады?

-Медициналық сақтандыру қоры жеңілдік санаттары туралы деректерді тиісті мемлекеттік органдардан алады. Бұл жағдайда Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Еңбек және әлеуметтік қорғауминистрлігінің ақпараттық жүйелерінде деректерді түзету қажет.  Қызметкер жеке тәртіппен аталған министрліктерге жеңілдікті санатты алып тастау туралы өтініш пен жүгіне алады.

-Қазақстанда оқитын шетелдік студенттер жеңілдік санатына үміткер бола ала ма?

-Қазақстанда оқитын шетелдіктер тұрақты тұруға рұқсаты болған жағдайда студент ретінде жеңілдік санатын ала алады. Өйткені, шет ел азаматтары МӘМС жүйесінде Қазақстан азаматтарымен бірдей құқық пен міндеттерге ие болады.

Қазақстан аумағында халықаралық шарт негізінде уақытша тұратын шет елдіктер мен олардың отбасы мүшелері, егер заңдарда немесе халықаралық шарттарда көзделмесе, МӘМС жүйесінде Қазақстан азаматтары мен бірдей құқықтар мен міндеттерге ие. Бұл жағдайда халықаралық шарттарды басшылыққа алу қажет.

М. ДЖУМАНОВ, «Ақ Ниет Plus” ЖШС медицина орталығы директоры, 2024-11-29, 10:01 232
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 160000, Шимкент шаҳри, Тауке хан шоҳкўчаси, 6-уй, 3-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2020 йил 21 апрелда рўйхатга олиниб, KZ34VPY00022503 гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.