26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Әлқожа ата кесенесі реставрацияланып жатыр

«Қазқайтажаңарту» РМК-ның Тараз филиалы Түркістан қаласында орналасқан Әлқожа ата кесенесін реставрациялап жатыр. Ғылыми реставрация ескерткіштің тарихи келбетін сақтай отырып, бірнеше бағытта жүргізілуде.

​Алдымен кесене қабырғаларындағы бүлінген кірпіш қалауы ауыстырылып, жіктері арнайы ерітіндімен толтырылды. Ескерткішті ылғалдан қорғау үшін, іргетастың сыртқы бөлігіне гидрооқшаулағыш қабат төселді. Сонымен қатар терезе ойықтарының ағаш элементтері лакпен өңделді.

​Кесененің үлкен залы – зияратхана интерьерінде қабырғалар, бағаналар, күмбездер мен аркалардың сылақ қабаты цементті ерітіндімен қалпына келтіріліп, әк бояумен сырланды. Сондай-ақ ескі үлгідегі кірпіш төселіп, едені жаңартылды.

​Көрхана бөлігінде сегіз қырлы құрылымның бағаналары мен күмбездерінің сылағы қалпына келтіріліп, ішкі қабырғалары әктелді. Ал айван бөлігінде кірпіш қалауының жіктері қайта өңделіп, еденіне цементті қабат төселді.

​Әлқожа ата кесенесіндегі реставрациялық жұмыстар әлі аяқталған жоқ. «Қазқайтажаңарту» РМК-ның Тараз филиалы ғылыми реставрациялық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтайды.

2026-08-15, 03:37 20
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 160000, Шимкент шаҳри, Тауке хан шоҳкўчаси, 6-уй, 3-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2020 йил 21 апрелда рўйхатга олиниб, KZ34VPY00022503 гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.